
Аймақтар • 12 Мамыр, 2022
Сиқырлы сөзге арбалып, ақшасынан айырылды
Он миллион теңгесінен айырылып, зар жылап полицияға шағынған жәбірленуші әйел алаяқтардың қитұрқы әрекеттері туралы өзінің көп естігенін айтқан. Бірақ қапелімде солардың арбауына түсіп қалармын деп ешқашан ойламағанын жеткізген. Осыған қарағанда біздегі интернет алаяқтар адамға бұлтартпас әрекет ететін психологиялық әдістерді де меңгере бастаған сияқты.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2022
Референдум бойынша отырыс өткізді
Елімізде 5 маусымда болатын ең маңызды саяси іс-шара – республикалық референдум өткізуге дайындық басталып кетті.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2022
Өңірдің дамуына қолдау көрсетіледі
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2022
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде мамыр мерекесінің қарсаңында заңғар жазушы, қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдық мерейтойын атап өту бағдарламасы аясында «Ғ.Мүсірепов және заманауи әдебиет, ғылым мен мәдениет» деген тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Спорт • 01 Мамыр, 2022
Қызылжарлық «Қуаныш» Азия чемпионы болды
Кешеден бері Солтүстік Қазақстан облысында ақ түйенің қарны жарылған үлкен қуаныш болып жатыр. Петропавлдың әйелдер арасындағы «Қуаныш» волейбол командасы мамыр мерекелері қарсаңында жерлестеріне аса зор сыйлық жасап, Өскеменде өткен Азия чемпионатында бас бәйгені еншіледі. Финалда олар алаң иелерінің «Алтай» командасын қиын тартыста бесінші торда жеңіп, чемпион атанды деп жазады Egemen.kz тілшісі.
Спорт • 27 Сәуір, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған қазақ күресінен ІІМ-нің және «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының ведомствоаралық спартакиадалары аяқталды.
Таным • 27 Сәуір, 2022
«Ботай мәдениетін» ғаламға жайған ғалым
Қазақстанның археология ғылымының жетістігін әлемге танытқан дүлдүл ғалымдарымыздың бірі Виктор Зайберт жуырда 75 жасында дүниеден озды. Ол 40 жылдан артық уақыт бойы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен айналысып, әлемге әйгілі болған «Ботай мәдениетін» ашқан саңлақ. Ең бастысы ол осы жерде бүкіл әлемге жабайы жылқыны қолға үйрету ісі алғаш рет Қазақ даласында жүзеге асқанын дәлелдеді.
Әдебиет • 19 Сәуір, 2022
Бұл күндері Қазақтың аса көрнекті жазушыларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сафуан Шаймерденовтің қаламынан отызға жуық роман, хикаят, әңгімелер жинағы туды. «Болашаққа жол» деген атаумен оқырманға жол тартқан алғашқы шығармасы 1958 жылы жарық көрген.
Қоғам • 19 Сәуір, 2022
Есірткіге қарсы күрес өрістей түсуі керек
Нашақорлық індеттің кеселі де қоғамға өзінің кесірін аз тигізбей тұр. Қазір табиғи есірткіден гөрі мас қылатын жасанды препараттардың айналымы артуда.
Қоғам • 18 Сәуір, 2022
Жылу орталығының жай-күйі қалай болмақ?
Петропавл қаласына Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың келуі қала тұрғындарының күпті көңілін тарқатуға біршама себеп болып отыр. Өйткені биыл қызылжарлықтар қыстың көзі қырауда жылусыз, жарықсыз қалып қоямыз ба деп қатты алаңдады. Оның басты себебі, 1961 жылы пайдалануға берілген, қуаты 541 мегаватт электр және 715 Гкал/сағат жылу энергиясын өндіретін Петропавлдың жылу-электр орталығы-2 қыс бойы тұрғындарды алаңдатумен болды. Кәсіпорын мамандарының айтуына қарағанда, қуат өндіретін құрал-жабдықтар 75-80 пайызға тозған. Жасалған ағымдағы жөндеу жұмыстары орталық қызметін толығымен қалпына келтіре алмады.