
Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2021
Ұлан-байтақ жерімізді сыртқы жаулардан ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа аман-есен жеткізген қазақ батырларын ешқашан ұмытпауымыз керек. Өкінішке қарай, кеңестік идеология ел үшін еңіреген ерлердің есімдерін, еңбектері мен ерліктерін ұмыттыруға тырысты. «Ұлан-байтақ жердің бұрыш-бұрышында өмір сүріп жатқан батырлардың жаппай бірігуі мүмкін емес, тек ханның маңында қоныстанған аз ғана батырлар жауға шапқан, басқасы миф, аңыз» деген сияқты біздің тұтас тарихымызды жоққа шығарып, бөлшектеп тастаған идеология ғана өріс алған.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2021
Әділет үстемдігіне жол ашатын құжат
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қолданысқа енгізілді. Бұл қоғамда заң үстемдігін орнатуға бағытталған маңызды қадам.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021
Жуырда Солтүстік Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының отырысы болып, онда ұлтын қолдап, қорғап, қара бастарына келген қауіп-қатерге қарамай күрескен Алаш ардақтыларының аты ұлықталды. Комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов елімізде санақ жүргізіліп, нысандарға ат беру немесе ауыстыру мәселелерінің кейінге қалдырылғаны туралы шешімнің тыйым салынбаған тұстары табылғанын айтты.
Коронавирус • 20 Қыркүйек, 2021
Солтүстік өңірде вакциналау сылбыр
Жаман індетке қарсы күресте вакцинаны жаппай алуды насихаттайтын «Елім үшін егілемін» атты тәуелсіз бірлестіктің мүшелері өткен аптада Петропавл қаласында болып, бірнеше кездесу және журналистерге арналған баспасөз мәслихатын өткізді.
Спорт • 16 Қыркүйек, 2021
Жақсы дайындықтың нәтижесі – 4 медаль
Ресей тарапының ұсынысымен 2018 жылғы қыркүйекте Душанбеде болған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшыларының кезекті саммитінде Олимпиада жылдарында ТМД елдерінің 14 пен 23 жас аралығындағы спортшыларының Ойындарын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Жуырда спорттың 16 түрінен болған алғашқы осы ойындар Татарстан астанасы Қазан қаласында аяқталды.
Коронавирус • 16 Қыркүйек, 2021
Дертке шалдығу деңгейі төмендеді
Орталық телекоммуникациялар қызметі алаңында Солтүстік Қазақстан облысының жаман індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі шаралары баяндалды. Мәслихатқа өңір әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев, облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев және денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдырахман Сақтағанов қатысты.
Қоғам • 15 Қыркүйек, 2021
Жуырда солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері Петропавл қаласының Абай көшесінде есірткі сатып жатқан жерінде 34 жастағы бұрын мүліктік қылмысы үшін сотталған күдіктіні құрықтады.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2021
Халықтан алғыс алғанға не жетсін?
Сол түні Қызылжардың іргесіндегі Бескөл ауылында болған өрт көп адамның есінде. Аспанға көтерілген жалын айналаны жап-жарық қылып жіберген еді. Бұл Бескөл тұрғыны А.Нұрғалиевтің үйінен шыққан өрт болатын.
Экономика • 10 Қыркүйек, 2021
Жуырда «Бәйтерек» холдингінің «ҚазАгроҚаржы» АҚ еншілес кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында «Астық – STEM» ЖШС қаржыландыруы бойынша баспасөз-турын өткізді.
Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2021
«Ботай» – болашақ туризмнің төрі
Біздің өңірде тарихи орындары мен айтулы тұлғалары өте көп танылған екі аудан бар. Оның бірі – Қожаберген жырау, Сегіз Сері, Есеней сұлтан, Ұлпан ана, Тоқсан би, бертін қазақ әдебиетінің заңғар жазушылары Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Сафуан Шаймерденов қазақстандық атақты орыс жазушысы Иван Шуховты және осыларды туғызған «Гүлтөбе-Маманай», «Елтінжал» сияқты қасиетті тарихи жерлері бар Жамбыл ауданы.