
Коронавирус • 16 Қыркүйек, 2021
Дертке шалдығу деңгейі төмендеді
Орталық телекоммуникациялар қызметі алаңында Солтүстік Қазақстан облысының жаман індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі шаралары баяндалды. Мәслихатқа өңір әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев, облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев және денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдырахман Сақтағанов қатысты.
Қоғам • 15 Қыркүйек, 2021
Жуырда солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері Петропавл қаласының Абай көшесінде есірткі сатып жатқан жерінде 34 жастағы бұрын мүліктік қылмысы үшін сотталған күдіктіні құрықтады.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2021
Халықтан алғыс алғанға не жетсін?
Сол түні Қызылжардың іргесіндегі Бескөл ауылында болған өрт көп адамның есінде. Аспанға көтерілген жалын айналаны жап-жарық қылып жіберген еді. Бұл Бескөл тұрғыны А.Нұрғалиевтің үйінен шыққан өрт болатын.
Экономика • 10 Қыркүйек, 2021
Жуырда «Бәйтерек» холдингінің «ҚазАгроҚаржы» АҚ еншілес кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында «Астық – STEM» ЖШС қаржыландыруы бойынша баспасөз-турын өткізді.
Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2021
«Ботай» – болашақ туризмнің төрі
Біздің өңірде тарихи орындары мен айтулы тұлғалары өте көп танылған екі аудан бар. Оның бірі – Қожаберген жырау, Сегіз Сері, Есеней сұлтан, Ұлпан ана, Тоқсан би, бертін қазақ әдебиетінің заңғар жазушылары Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Сафуан Шаймерденов қазақстандық атақты орыс жазушысы Иван Шуховты және осыларды туғызған «Гүлтөбе-Маманай», «Елтінжал» сияқты қасиетті тарихи жерлері бар Жамбыл ауданы.
Тарих • 07 Қыркүйек, 2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Көкшетау өңірінің жергілікті өлкетанушысы Мұрат қажы Ыдырысұлы бастаған топ былтырдан бері «Абылайдың қара жолы» атты маршрутпен экспедиция жүргізіп келеді. Олардың мақсаты – Абылай хан мен оның ұрпақтары, батырлары мен билерінің, атақты адамдардың туған, болған жерлеріне сапарлап, халықтың назарын тарихи оқиғаларға аудару.
Тәуелсіздік • 03 Қыркүйек, 2021
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Солтүстік Қазақстан облысының басты жетістіктері» атты дөңгелек үстел өтті. Оған мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам секторының, жастардың, ҚХА филиалының, оқу орындарының, БАҚ өкілдері қатысты.
Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2021
Қоныс аударушыларға көзқарас түзелгендей...
Биылғы 24 мамырда «Казахстанская правда» газетінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында жұмыс күші артық өңірлерден Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударып келген ағайындарға жергілікті атқарушы билік басшылары сапасыз баспаналар ұсынып, қиын жағдайда қалдырғаны туралы «Немқұрайлық тұтқындары» («Заложники равнодушия») мақаласы жарияланған еді.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2021
Әртістерді күшпен ұстап тұра алмайсың...
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрынан тағы да шу шықты. Өнер ұжымының алты бірдей белгілі әртісі жұмыстан шығамыз деп арыз жазған.
Коронавирус • 23 Тамыз, 2021
Мониторингтік топтардың жұмысы мардымсыз
Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Әсет Жұматаевтың баяндамасында мониторинг жасайтын топтардың жұмысы мардымсыз екені айтылды. Соңғы екі аптада олар барлығы 142 рейд жасап, 30 бұзушылықты ғана анықтағаны жеткізілген еді. Сондай-ақ Айыртау, Ақжар, Аққайың, Есіл, Жамбыл, М.Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Уәлиханов және Шал ақын аудандарында бірде-бір бұзушылықтың анықталмағаны атап өтілген.