
Аймақтар • 20 Сәуір, 2021
Студенттер тұрмыстық вагонды қолды қылған
Петропавл тұрғыны ауласына жақын қойылған вагонының жоғалуына байланысты полицияға арызданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2021
СҚО-да көлігімен бала соғып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші табылды
Бұл ЖКО жуырда, күндізгі сағат 14:00 шамасында Қызылжар ауданының аумағында болған. «Петропавл-Жезқазған» автожолы бойындағы жаяу жүргіншілер өткелінде қызыл түсті «Mercedes-Benz» 10 жастағы мектеп оқушысын соғып кетіп, оқиға орнынан жасырынған.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2021
Петропавлда түн жамылған тонаушылар ізі суымай ұсталды
Петропавл көшелерімен түнде келе жатқан екі бозбала танымайтын екі адамның өздеріне күш көрсетіп, «Samsung S8» маркалы қалтафондарын тартып алғанын айтып, полицияға шағымданған. Келтірілген шығын 60 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2021
СҚО-да Ленин көшесі Абай көшесі болып өзгертілді
Солтүстік Қазақстан облысында бұған дейін бір жылда екі ауылдық округтың, үш ауылдың және кейбір ауылдық елдімекендер көшелеріне берілген 336 атау өзгеріп, қазақша аталғаны туралы айтқан болатынбыз. Сонымен бірге облыстың бес мәдениет және білім беру нысандарына қазақ халқының аса көрнекті тұлғалары Абайдың, Қожаберген жыраудың, Ақан серінің, Мағжан ақынның және әнші Ермек Серкебаевтың есімдері берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Сәуір, 2021
Тасқынға қарсы әзірлік ойдағыдай
Солтүстік Қазақстанның су қоймаларындағы су деңгейі соңғы кездері қатты көтеріліп келеді. Кеше Сергеев су қоймасындағы платинадан су 119 сантиметрге көтерілген. Ал судың жалпы көлемі болжам бойынша 840 млн текше метрдей болып отыр. Алдында, бір тәулік қана бұрын осы қоймадағы судың деңгейі 50 см төңірегінде еді. Мұндағы су деңгейінің ең жоғары көтерілгені 2017 жылы 336 см көрсеткен. Ал Петропавлда Есілдің деңгейі Сергеевкаға қарағанда көп төмен. Сонымен қатар Иманбұрлық, Ақанбұрлық, Қамысақты, Шағалалы сияқты шағын өзендердің де су деңгейі тұрақты, кейбіреуінде тіпті төмен түсу байқалуда.
Қоғам • 18 Сәуір, 2021
«Бір терезе» ме, әлде, «Жүз терезе» ме?..
Кезінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер халыққа барынша қолжетімді болсын, жұрт ұзын-сонар кезекке тұрып жүйкесін жұқартпай, «бір терезеден» барлық мәселесін шешіп алсын деген ниетпен ашылған еді. Басында бұл орталықтар жап-жақсы қызмет істеп, халықтың алғысын алған. Алайда, кейінгі кезде олардың қызметінде «жаны сірі» бюрократия тағы бас көтере бастаған секілді.
Қоғам • 18 Сәуір, 2021
Қалжыңдаймын деп айыппұл төлейтін болды
Кейде жол-көлік оқиғаларын әдепсіз немесе жауапкершілігі төмен жүргізушілер де жасайды.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2021
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Петропавл қаласында 14 сәуірден бері полицейлер «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Сәуір, 2021
Петропавлдың Ғабит Мүсірепов көшесіндегі темір жол өткелінде «ТГК-2» поезы «Citroën C4» жеңіл автокөлігін соқты.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2021
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Кеше кешке Петропавлдағы Аяған Шәжімбаев көшесіндегі «Тбилиси» ресторанында өрт шығып, жалын 280 шаршы метрді шарпыды. Ресторан 2 қабатты кірпіштен салынған ғимаратта орналасқан болатын. Өртке негізінен төбедегі құрылыс материалдары оранды.