
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Екі килограмм есірткі тәркіленді
СҚО Тайынша ауданында полиция мен ҰҚК СҚО департаменті қызметкерлерінің бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аудан орталығының тұрғынынан 2 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Еgemen.kz.
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Жел генераторының жемісін көретін күн жақын ба?
Солтүстік Қазақстан облысының Көкшетау тауының сілемдерінен Айыртау, Имантау сияқты төбелері көп аудан аумағында жел генераторлары 2021 жылдан бастап электр қуатын бере бастайтыны туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов екі жыл бұрын жариялаған болатын.
Саясат • 15 Сәуір, 2021
Партияның Петропавлдағы филиалы алдағы атқарар жұмысты нақтылады
«Nur Otan» партиясы СҚОФ Саяси кеңес Бюросының отырысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының бағыттарын іске асыру жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2021
Түнгі тыныштықты бұзушылар жаман індет кезінде де тиылмай отыр
Жаман індетке қарсы күрестің сақтандыру шараларына қарамай түнгі тыныштықты бұзушылар саны азаяр емес. Жыл басынан бері Петропавлда сондай 829 оқиға тіркелген.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2021
Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық перинаталдық орталығында Ақжар ауданының орталығы Талшық селосынан келген Сандуғаш Бейсенова аман-есен босанып, өмірге үшем әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2021
Алтын бұйымдарды қолды еткен жігіт қолға түсті
Петропавл қаласының тұрғыны полицияға өзінің алтын бұйымдары ұрланғанын айтып жүгінген. Шығын сомасы айтуына қарағанда 500 мың теңгені құраған. Шағымданушы алтындарының нақты қай күні жоғалғанын айта алмаған. Тек наурыз айының соңында таныс еркекпен бөтелкелес болғанын жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 14 Сәуір, 2021
Петропавлда үш айда 211 интернет-алаяқтық тіркелген
Петропавлдық зейнеткерлерге интернет-алаяқтар қоңырау шалып, әбігерге салған. Қоңырау шалған бикеш үй иелерінің аты-жөндерін атап амандасқан соң, өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, жеке мәліметтерін атауды сұраған. Банк карталарыңызда күдікті біреулер бұзып кіріп, сіздердің атыңызға несие ресімдепті-мыс деп түсіндірген.
Қоғам • 13 Сәуір, 2021
Масаң жүргізуші өзін ғана емес төрт жасар ұлын қауіпке ұрындырды
СҚО-дағы аудан орталығы Мамлюткадан төрт жастағы баласымен Петропавлға келген 45-ке келген тұрғын «ВАЗ-21120» көлігімен қарсыбағыттағы «Volkswagen Passat» машинасына соғылған. Тексеріс барысында оның жеңіл дәрежедегі ішімдік ішкендігі анықталған.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2021
ТЖД жиынтық бөлімшелері тасқынға қарсы күресті қызу жүргізуде
ТЖД жиынтық жасағының бөлімшелері шағын өзендердегі арналарды тазартып, су айдындарының деңгейін өлшеу және қарғын су мен қар қорының жиналуына іргелес алқаптардың мониторингін жүргізуге кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2021
Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді
Петропавл қаласында контрафактілі алькогольдің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz