
Аймақтар • 01 Сәуір, 2021
СҚО полиция ардагерлері жаңа төраға сайлады
Ішкі істер министрінің кеңесшісі, полиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков СҚО полиция ардагерлерімен кездесті. Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев, облыстық және қалалық ардагерлер ұйымдарының төрағалары Ескендір Елеусізов пен Жангелді Тәжин қатысқан кездесуде ақсақалдар мен ІІО мен Ұлттық ұлан облыстық ардагерлер ұйымы жұмысының қорытындысы талқыланды, сондай-ақ Кеңестің жаңа төрағасы сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2021
Есірткі саудасын ұйымдастырған күдіктіден 560-тан астам доза алынды
Еш жерде жұмыс істемейтін 29 жастағы петропавлдық полицейлердің назарына үш ай бұрын іліккен. Жедел уәкілдер осы уақытта жасжігіттің есірткі өткізуге қатыстылығын анықтауүшін бақылау жұмыстарын жүргізді. Күдік шындыққа айналғанда ол өзінің тұрғылықты мекенжайында ұсталды.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2021
СҚО-ға қатысты жаңа Кешенді жоспар қабылданды
Кеше Солтүстік Қазақстан облысы үшін айрықша оқиға болды. Премьер-Министр Асқар Мамин төрағалық еткен Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысының 2026 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспары қаралып, бекітілді. Бұл -Солтүстік Қазақстан облысының дамуына бұрын болмаған ерекше қаржы құю. Елдің шетіндегі, желдің өтіндегі облысқа мемлекет тарапынан қарастырылған мұндай қамқорлыққа облыс тұрғындары шексіз ризашылықтарын білдіруде.
Тарих • 31 Наурыз, 2021
Большевиктер өкімет басына келген жылдардан бастап, «Сұмырай келсе, су құриды» дегендей, елді жаппай аштық жайлаған.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2021
Петропавлда мыс кабелін ұрлағандар қолға түсті
Петропавлдағы ЖШС аумағынан жоғарғы бағасы 500 мың теңге тұратын 30 метрлік мыс кабелі ұрланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2021
СҚО полицейлеріне Германия тұрғынынан алғыс хат келді
СҚО ПД бастығы, полковник Марат Төлебаевтың атына Германия тұрғыны Лилия Нельденің атынан алғыс хат келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2021
Петропавл полицейлері асыл тұқымды итті ұрлаған адамды ұстады
Бағасы 120 мың теңге болатын хаски тұқымдас итті ұрлаған адам бейнекамерадағы жазбаның көмегімен ұсталды. Ол ит тұрған бөтен аулаға баспалап келіп, сүйкімді итті алып шығып, машинасына салып алып кеткен.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2021
Петропавлда тіркелген қылмыс саны 23% азайған
Бұл туралы Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы полковник Жандос Мұқатов қала тұрғындарының алдында берген есебінде айтты. Кездесуге Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков, облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев, қалалық мәслихаттың депутаттары Арман Бердіғұлов, Кеңес Мұқышев және т.б. қатысты.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2021
СҚО-да жыл басынан бері із-түзсіз жоғалған 91 адам табылған
СҚО полицейлері түрлі себептермен үй ішіндегі жандарға айтпай ұзақ мерзімге із-түзсіз кетіп қалған 91 адамның табылуына көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2021
Бір күнде жезөкшелікпен айналысатын 10 әйел ұсталды
СҚО полицейлері Интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу арқылы «жезөкше» санаты бойынша 10 әйелді анықтап, есепке қойды.