
Аймақтар • 23 Тамыз, 2021
Әртістерді күшпен ұстап тұра алмайсың...
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрынан тағы да шу шықты. Өнер ұжымының алты бірдей белгілі әртісі жұмыстан шығамыз деп арыз жазған.
Коронавирус • 23 Тамыз, 2021
Мониторингтік топтардың жұмысы мардымсыз
Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Әсет Жұматаевтың баяндамасында мониторинг жасайтын топтардың жұмысы мардымсыз екені айтылды. Соңғы екі аптада олар барлығы 142 рейд жасап, 30 бұзушылықты ғана анықтағаны жеткізілген еді. Сондай-ақ Айыртау, Ақжар, Аққайың, Есіл, Жамбыл, М.Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Уәлиханов және Шал ақын аудандарында бірде-бір бұзушылықтың анықталмағаны атап өтілген.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2021
Биылғы қыркүйек айында Президенттік жастар кадрлық резервіне екінші іріктеу өткізілетіндігі жайлы жақсы хабар болашағынан үлкен үміт күттіретін жас мамандарды елең еткізгені анық. Жалпы, қазір елімізде білікті басшы кадрлар даярлау мәселесіне мемлекеттік деңгейде жіті назар аударылып отырғандығы көңілге үлкен үміт ұялатады. Дегенмен, осы орайда ойланарлық жайттар да бар.
Білім • 17 Тамыз, 2021
Биыл республика мектептерінің бәрінде оқу жаман індетке қарамай, дәстүрлі түрде оқытылатыны туралы жуырда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ресми түрде мәлімдеді. Оқуға ұмтылатын жасөспірімдер мұны қуанышпен қабылдады. Өйткені құрбыларын көрмей, олармен ойнап-күлмей, жарысып оқымай, үйге қамалып отырып алған оқушылардың өткен оқу жылындағы білімі төмен екені іс жүзінде көрінген.
Аймақтар • 17 Тамыз, 2021
Мағжан музейінің берері мол...
Солтүстікке қонақ болып немесе қызмет бабымен келген санасы биік жандар көбінесе «Абылайдың ақ үйін», сосын Мағжан Жұмабаевтың іздерін көргісі келеді. Өкінішке қарай, ақынның музейі облыс орталығында емес, қаладан 120 шақырымдай жердегі Сарытомар ауылында. Ол жаққа жақсы жол тартылған, бірақ қыстың қытымыр күндері мен жаздың аптабында бәрібір ешкім бара қоймайды. Сондықтан музейді Қызылжар қаласына көшіру керек деген әңгімелер кезінде жиі айтылған. Тіпті мұнда Мағжан мен Злиханың тұрған үйлері де бар.
Қоғам • 16 Тамыз, 2021
«Жан шошытқан жарылыстың жанында болдық...»
«Мен 1951 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл ауданының Орталық деген ауылында тудым. 1970 жылы өзіммен қатарлас жігіттермен бірге әскерге алындым. Алдымен Петропавл қаласына жиналдық. Қазақ жігіттері өте көп еді. Көрші ауылдардан Нияз Жоламанов, Нұрлан Асайынов және басқалар болды.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2021
Олимпиадаға қатысқандар қуанта алмай ұнжырғамыз түсіп жүргенде солтүстікқазақстандық Асыл Ахметова деген қызымыз аттың үстінде түрегеп шауып, бір серпілтіп тастады. Оның Instagramдағы парақшасына бірнеше сағаттың ішінде ғана жазылушыларын 15 мыңға жеткізген.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2021
Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасынан алған дерекке қарағанда, бүгінгі таңда агроқұрылымдар 578 мың тонна шөп үйіп алған. Бұл – жоспардың 68 пайызы.
Коронавирус • 03 Тамыз, 2021
Індет барлық ауданнан анықталып жатыр
Жуырда Денсаулық сақтау министрі А.Цой Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі аптада індет жұқтыру 3,5 есе өскенін айтты. Ал сол кезде жалпы республикадағы өсім 1,9 есе болған. Осының өзі Қызылжар өңіріндегі ахуал алаңдатарлық екенін көрсетіп тұр.
Қоғам • 03 Тамыз, 2021
Көпбалалы үйдің қам-қарекеті де көп
Петропавл қаласындағы Култышевтер отбасында жуырда 17-інші сәби өмірге келді. Мұндай ерекше жаңалық кез келген адамды елең еткізері сөзсіз.