
Аймақтар • 17 Наурыз, 2021
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Түркиялық азамат Солтүстік Қазақстан полицейлеріне осылай таңғалып, алғысын жеткізді.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2021
СҚО-да су тасқынына дайындық аясында жарылыстар жасалды
СҚО Уәлиханов ауданындағы Сілеті өзенінде мұздың кептеліп қалмай, өзен суының арнасымен ағуы үшін жарылыс жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар, СҚО ТЖД және Көкшетау қаласының мамандандырылған ұйымы атқарды. Сонымен бірге өзен деңгейін көтеру мақсатында ұзақ уақыттан бері жарылыс жұмыстарымен кәсіби айналысып келе жатқан «Көкше-БУР» ЖШС жүргізді.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2021
Алиментті алып бергені үшін полицияға алғыс айтты
Бұрынғы күйеуі 2,2 миллион теңге алимент берешек болған Петропавл қаласының тұрғыны полицияға жүгінген. Өйткен, жауапсыз әке 8 бен 10 жастағы балаларына сот шешімімен белгіленген алиментті төлеуден қашып жүрген.
Қоғам • 16 Наурыз, 2021
Қиын кезде қолдау көрсеткен түрік ағайындар теріскейде ашқан тұңғыш кәсіпорын
Қазақстан өз Тәуелсіздігін алған алғашқы жылдар. Елдің экономикасы дағдарысты жағдайда. Социализм жоспарлы экономикасымен бір-бірін үзілмейтін шынжырмен шаңдып, бірі құрылысын салып, бірі жабдықтармен жарақтап, бірі өндіріп, бірі сатып, бірі алыстағы тұтынушыларға жеткізіп тұрған кәсіпорындардың бәрі бір сәтте тұралап қалған. Кейбірі әлсіз деммен тіршілік белгісін танытса, екіншісі мүлдем жансызданып, үшіншісі шашылып қалған заман туған.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2021
Ақпанның ат құлағы көрінбейтін дүлей борандарының бірінде Солтүстік Қазақстан облысының Ұялы ауылдық округінің 28 тұрғыны «Май-Ұялы» трассасында көлікпен келе жатып, айдалада қар құрсауында қалады. Өркениеттің жоғары сатысы өзінің озықтығын барлық жерде көрсетеді ғой. Егер осы кісілер осыдан бар болғаны жиырма жыл бұрын осындай құрсауда қалса, ажал құшар еді. Өйткені үстерінен жүріп кеткен боран оларды көрсетпей тастаған. Қазір жұрттың бәрінде телефон бар және онымен қай жерден хабарласып тұрғанын да анықтауға болады.
Қоғам • 15 Наурыз, 2021
Сыйлық - «беру арқылы алудың» түп тамыры
Еуропаның бізден мәдениеті жоғары екенін мойындап жүрміз. Барлық саладағы білімін жетілдіріп, экономикасын өркендетіп, адамзат қоғамының алдына кеткендігі жоғары мәдениеттің арқасында деп айтуға толық негіз бар. Олардың мәдениетінің ең басты артықшылығы сол, олар тек еңбекпен тапқан тиынды ғана бағалайды. Біреуден сый дәмету деген оларда атымен жоқ. Өзінің қарым-қабілетінше тапқан еңбекақысын қанағат тұтып, артық бірдеңені көлденеңнен табуды ойға да алмайды.
Аймақтар • 14 Наурыз, 2021
Солтүстік Қазақстанда ТЖД мәліметі бойынша 11 наурызда қар құрсауынан 110 адам құтқарылып, 39 автокөлік эвакуацияланып, жылыту тіректеріне 14 адам жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 14 Наурыз, 2021
Жолдан шығып кеткен жүк көлігін үш техника зорға шығарды
Қара боранда жолдың шетін көрмей Шал ақын ауданының орталығындағы дүкендерге азық-түлік апара жатқан «Foton» жүк көлігі кюветке құлаған, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 12 Наурыз, 2021
Құтқарушы әйелге Президенттің Алғыс хаты тапсырылды
Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД ұзақ жылдар бойы қызмет етіп жүрген Евгения Трефилованың атына Президент Қ.Тоқаевтың атынан келген Алғыс хат тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 11 Наурыз, 2021
СҚО-да жыл басынан бері 150-ден астам интернет-алаяқтық тіркелді
Соңғы уақытта интернет-алаяқтық саны өсуде. Мамлют ауданы полиция бөлімі басшылығының бастамасымен қылмыстың аталған түрін ескерту бойынша челлендж бастау алды.