
Аймақтар • 04 Наурыз, 2021
Тасқынға – тосқын күн тәртібінен түспейді
Оқырманның есінде болса, ақпанның басы жылымық болып, Солтүстік Қазақстанның төтенше жағдайлар қызметі сол кезден қарғын судың тасқынына қарсы шараларды белгілей бастағанын «Егеменге» жазған болатынбыз. Бірақ ақпан алдап түсірген екен. Басы жұмсақ болғанымен 4-5 күннен кейін 30-35 градусқа дейін жететін аяз болып, ат құлағы көрінбейтін дүлей борандар соғып, ақпан ақырып берді. Үймелеп түскен қармен арпалыс тіпті қарғын суын да ұмыттырып жіберген еді. Алайда наурыздың күні күлімсіреп туып, тасқынның алыста емес екенін қайта еске түсірді. Осыған байланысты облыстық әкімдіктің кезекті отырысы тасқынның алдын алу шараларына арналды. Онда тиісті қызметтер тасқынның өздеріне қатысты мәселелерін баяндап берді.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2021
Асығыс шешім қателікке ұрындырмасын
Жаман індеттің құрықтала бастауымен қатар мектеп оқушылары жаңаша оқу форматына шұғыл көшіріліп жатыр. Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова: «Өңірдің «жасыл аймаққа» өтуіне байланысты білім беру ісін ұйымдастыруда қалыпты режімге біртіндеп көшу басталды», деді.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2021
Қыстыгүні де велосипед ұрлаушы шығып отыр
Петропавл қаласының бір тұрғыны полицияға кіреберісте тұрған үш дөңгелекті балалар велосипедінің жоғалғаны туралы арыз түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 03 Наурыз, 2021
Солтүстік Қазақстанның 52 жастағы тұрғыны әйелін ұрып өлтірді
1968 жылы туған ер адам өзінің 1984 жылы туған әйеліне ауыр дене жрақаттарын салып, қатты ұрған, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
Тілсіз жау соңғы аптада ғана төрт адамды мерт қылды
Жаңа жыл басталғалы Солтүстік Қазақстанда тілсіз жау өршіп тұр. Облыстық ТЖ департаментінің өрт сөндіру басқармасының бастығы Дмитрий Растихиннің айтуына қарағанда бүгінге дейін 138 өрт болған.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
Құтқарушы әйел қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Муршида Обознова Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағында медбике болып жұмыс істейді. Бұл қызметті ол міне, 9 жылдан бері атқарып келеді. Кәсіби дайындығы бойынша «2-сыныпты құтқарушы».
Спорт • 02 Наурыз, 2021
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Студент-жастардың арасындағы спорттық ойындарда болатын үлкен жарыстарды «Универсиада» деген сияқты мектеп оқушылары арасында болатын сондай сайысты «Гимназиада» деп атайтыны белгілі. Халықаралық мектептер федерациясының ұйымдастыруымен болатын бұл жарыстар алғаш рет 1974 жылы Германияның Висбаден қаласында болған. Алайда КСРО оқушылары оған қатыспай, өздерінде осыған ұқсайтын Спартакиада деген спорттық жарыстар ұйымдастыратын.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2021
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Осыдан бір ай шамасы бұрын Петропавлда шешесі ұрып-соққан 3 жасар қыз ауыр халде аурухананаға түскен болатын. Дәрігерлер 17 қаңтардан бері оның өмірін сақтау үшін күресіп келді. Алайда кеше сәби ауыр соққыдан арыла алмай көз жұмды.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2021
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
СҚО Қызылжар ауданының бір тұрғыны жалға берген үйіндегі темір қазандықты жоқ қылып, қашып кеткен пәтершінің үстінен шағым айтып учаскелік инспекторға жүгінген.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2021
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
ІІМ құрметті қызметкері, отставкадағы полиция полковнигі Қайдар Кашеновті 70 жасқа толып отыр. Мерейтой иегерін облыстық ПД бастығы, полковник Марат Төлебаев және басқалар құттықтады.