
Аймақтар • 11 Қараша, 2020
Теледидар ұрлаймын деп тұтылды
Петропавл қаласында өзіне сеніп кілтін тастап кеткен 19 жасар бозбаланың үйінен бағасы 137 мың теңге тұратын "Acer" теледидарын ұрлап, оны ломбардқа өткізген 1998 жылы туған ұры ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қараша, 2020
Заң толыққанды болса ғана толық орындалады
СҚО полицейлері қарашаның 5-9 күн аралығында 5 күн бойы "Лишенник" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізіп, онда жүргізу құқығынан айырылған 46 адамның рөлде болғандығын анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қараша, 2020
Зейнеткер интернет алаяқтың құрбаны болды
СҚО сайттардың біріндегі "жаңа танысу" Петропавлдың 65 жасар тұрғыны үшін жайсыз аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қараша, 2020
Еріктілердің көмегімен 11 адам аман-есен табылды
Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл кентінің 58 жастағы тұрғыны Владимир Ларионов із-түзсіз жоғалған адам ретінде іздестірілуде, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Қараша, 2020
Еліміздің басқа өңірлері сияқты Солтүстік Қазақстанның да жол мәселесі ешқашан толық шешілмейтін шығар. Төселген және жөнделген жолдар сапасының төмендігі талай рет айтылды да, жазылды да. Бірақ содан тиімді нәтиже жоқ. Төтенше науқаспен ауырғандарды, аяғы ауыр әйелдерді ауруханалар мен емханаларға, барлық жолаушыларды діттеген жеріне жаман болса да осы жолдар жеткізеді. Сондықтан жолдардың қысқы мезгілде қардан тазалануы облыстық әкімдіктің назарына ілініп отыр.
Руханият • 10 Қараша, 2020
«Сәбең деген қазақтың кең даласы...»
Қазақ әдебиетінің классигі, жерлес жазушымыз Сәбит Мұқановтың 120 жылдық мерейтойы Солтүстік Қазақстан облысында бүгінгі заманның талабына сай кеңінен аталып өтуде. Соның ішіндегі шоқтығы биігі жуырда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде болған «Сәбит Мұқанов: тұлға және мұра» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болды десек, қателеспейтін шығармыз. Университеттің проректоры, профессор Ақмарал Ыбыраева жүргізген конференцияны Алматыдан, астанадан келген құттықтаулармен қатар облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан Ішкі саясат басқармасының бастығы Кемел Оспанов құттықтады. Конференцияның жұмысына бір мезгілде 150-ге жуық адам Zoom-мен қатысып отырды. Соның ішінде жиынға жазушының өмірі мен шығармашылығын зерттеумен ұзақ жылдан бері айналысып жүрген, осы тақырыпқа бірнеше еңбек жазған ғалымдар Күләш Ахметова, Әділғазы Қайырбеков, Зарқын Тайшыбай, Сәбит Жамбек, Гүлнәр Мұқанова, Сәуле Мәлікова, Түркиядан Орхон Сөйлемес, Аябек Байниязов, жас ғалымдар Гүлнәз Кәріпжанова, Әсел Ерсайынова және т.б. қатысып, Сәбеңнің өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен толғады.
Аймақтар • 09 Қараша, 2020
СҚО-да жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды
СҚО "Волошинка-Сергеев-Тимирязев" жолындағы Дмитриевка селосындағы аялдамада тұрып, өтіп жатқан көліктерге қол көтеріп тұрған 41 жастағы адамды "Газель" көлігі соғып, мерт қылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 09 Қараша, 2020
Қалаға кіру бекеттер арқылы өтеді
Тоғызыншы қарашадан бастап Солтүстік Қазақстанда жаман індетке қарсы шектеу шараларының күшейтілуіне байланысты облыс орталығы - Петропавлдың айналасына 5 карантиндік бекет қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 09 Қараша, 2020
Қызылжардағы қалалық бақта кісі тоналды
Өткен жексенбі күні түнгі сағат ондар шамасында Қызылжардың қалалық саябағында 45 жастағы азаматты арақты бірге ішкен бөтелкелесі - 30 жастағы жігіт соққыға жығып, 7 мың теңге ақшасын тартып әкеткен. Арақ ішу барысында жаңа танысқан екеуінің арасында жанжал туған екен, деп жазады Egemen.kz
Саясат • 09 Қараша, 2020
Мемлекеттік қызмет көрсету жетілдіріледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құру керек. Пандемия кезінде мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігінің қашықтан жұмыс істеу режіміне көшуі мемлекеттік аппаратты қысқарту керектігін және бұған толық мүмкіндік бар екенін көрсетті» деп атап көрсеткен еді.