
Аймақтар • 09 Сәуір, 2025
Қаз шаруашылығына арналған фестиваль
Петропавл қаласында «Auyl Fest. Қаз шаруашылығы» атты халықаралық фестиваль өтті. Іс-шараны «Ауыл» партиясының құрылғанына 25 жыл толуына орай осы саяси ұйым Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Шаруашылық • 09 Сәуір, 2025
Облыста өткен көктемгі егіске дайындыққа арналған семинар-кеңесте егіс жұмыстарын дер кезінде әрі табысты аяқтау мәселесі сөз болды. Расында, көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы аяқтау – күзгі табыстың кепілі. Осы талапты ескерген мемлекет өз тарапынан диқандарды қолдауға жасалатын жұмыстарды қазір қызу жүргізіп жатыр. «Солтүстік» ӘКК және «ҚазАгроҚаржы» арқылы дер кезінде берілген 60 млрд теңге шаруаларға тұқым, тыңайтқыш, жанар-жағармай, қосалқы бөлшек алуға мүмкіндік берді.
Қоғам • 08 Сәуір, 2025
Қызылжардың Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында белгілі балалар жазушысы, халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты Толымбек Әбдірайымның «Құс ұясы» атты жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.
Қоғам • 04 Сәуір, 2025
Оңтүстіктен солтүстікке көшу бағдарламасы бойынша былтыр 7 мың квота бөлінген. Оған биыл Қарағанды, Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары сияқты 7 облыс қамтылып отыр.
Су тасқыны • 03 Сәуір, 2025
«Қазгидрометтің» Солтүстік Қазақстан филиалы бақылау бекеттерінің айтуына қарағанда, наурыздың аяғында Петропавл су қоймасындағы Есіл өзенінің деңгейі 52 см-ге көтерілген, Сергеев су қоймасындағы деңгей 3 см төмендеген. Сондай-ақ облыс орталығының іргесіндегі Борки, Долматов мекендерінде тиісінше 51, 59 см көтерілген.
Жәдігер • 03 Сәуір, 2025
Мал ұрлығына қарсы республикалық шаралар жүргізу барысында солтүстікқазақстандық пинкертондар қызық «олжаға» тап болды. Аққайың ауданындағы мал ұрлығына қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ауыл тұрғындарының бірінің қорасын тексергенде, үйілген шөп маясынан екі бірдей бердеңке табылған. Тұрғын оның бабасынан қалған раритеттік мұра екенін айтқан.
Тағзым • 02 Сәуір, 2025
Ғұлама ғалым, химик-металлург, прозашы, сыншы, аудармашы Ебіней Бөкетовтің туғанына 100 жыл толуына орай Қызылжардың зиялы қауым өкілдері оның қала ортасындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап, ғылыми кітапханада «Е.Бөкетовтің бірегей мұрасы» атты дөңгелек үстел мәжілісін өткізді.
«Таза Қазақстан» • 02 Сәуір, 2025
Солтүстік Қазақстан облысында да «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жақсы нәтиже беріп келеді. Жүйелі жобаның маусымдық іс-шаралармен, сенбіліктермен шектеліп қалмай, әлеуметтік нормаға айналып, халық санасында орнығып, жалғасын тауып келе жатқанына қалың бұқара куә болып отыр.
Өшпес даңқ • 29 Наурыз, 2025
Балтабек Мұстафин Солтүстік Қазақстан облысының Преснов (қазіргі Есіл) ауданындағы Тауағаш ауылында 1926 жылы дүниеге келген. Әкесі Қабдол – асқан саятшы, аштық жылдарында ауылдастарын аңмен асыраған атақты бүркітші болған. Өзі балуан, екі иығына екі жігіт мінгендей, зор денелі болған. Балтабек – оның көп қыздан кейін көрген жалғыз ұлы.
Аймақтар • 22 Наурыз, 2025
Қызырлы Қызылжардағы Наурыз мейрамы басқа да облыстардағыдай 14 наурыздағы Көрісу күнін атаудан басталған. Биылғы көктем де өз сәнімен басталып, күннің қызуы да көңілді көтеріп тұрды. Кей жылдары болатын көктемгі ызғырық та биыл болмай, ауа температурасы түннің өзінде нөлден жоғары болып тұр.