Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
140 материал табылды

Руханият • 27 Тамыз, 2024

Теріскейдің рухани темірқазығы

Әр өңірде ұлт мүддесінің те­мірқазығы болады ғой. Солтүстік Қазақстан облысында сондай жігіт Кемел Қарашаұлы деп айтуға болады. Мемлекеттік қызмет саласында 27 жыл тер төгіп, облыста қазақ тілін дамыту, мәдениет, ішкі саясат басқармаларында басшылық қызметтерді тапжылмай атқарып келеді. Әсіресе руханият саласын­дағы еңбегі зор.

Шаруашылық • 22 Тамыз, 2024

Астық науқанына санаулы күн қалды

Жуырда Аққайың ауданы Шағалалы ауылындағы тәжірибелік станса базасында «Дала күні» аграрлық іс-шарасы өткізілді. Оның жұмы­сы алдағы орақ науқанына арналды. Шараға облыс әкі­мі Ғауез Нұрмұхамбетов, Ауыл ша­руа­шы­лы­ғы министрінің орынба­са­ры Азат Сұлтанов, аудан және ауыл әкімдері, агроқұрылым басшы­ла­ры, ауыл өнім­дерін шығарушы кә­сіп­орын же­тек­шілері қатысты. Бұл үл­кен орақ­тың алдындағы дайын­дықты пысықтаған үлкен жиын еді.

Шаруашылық • 14 Тамыз, 2024

Бабы келіскен балық шаруашылығы

Балық өнімдерінің адам ағзасына пайдасы мол. Күнделікті тұтынатын тамақтар құрамында әдетте көмірсутегі көп болады. Ал балық өнімдерін жеу ағзада тепе-теңдікті қалыптастырады.

Ауыл • 12 Маусым, 2024

Сабақтастықты үзбеген серіктестік

Еңбек ері Геннадий Зенченконың есімі респуб­лика тұрғын­дарына жақсы таныс. Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданына қарайтын Новоникольск аулында ең ірі әрі жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы құрылымы – «Зенченко и К» коммандиттік серіктестігін құрып, ұзақ жылдар бойы ең озық шаруашылықты дөңгелетіп отырды. 2016 жылы 79 жасында дүниеден өткенде ісін баласы Геннадий жалғастырды.

Энергетика • 28 Мамыр, 2024

Делдал азайып, тариф төмендеді

Солтүстік Қазақстан облысында электр және жылу қуатын өндіретін де, халыққа, кәсіпорын-мекемелерге тарататын да – «Севказэнерго» АҚ және оның еншілес кәсіпорындары. Еншілес кәсіпорындардың барлығы бір акционерге сатылып, тегіс жекеге айналдырылған. Бас директоры – Анатолий Казановский.

Зерде • 21 Мамыр, 2024

«Үш масақ» заңының зардабы

Сталиндік қуғын-сүргіннің шет-шегі қаншалықты кең болса, зардабы да соншалықты ауыр тигені тарихтан белгілі. Адамды саяси көзқарасы, қоғамдық әрекеті, ашық пікірі үшін ғана емес, қылмыс деуге тұрмайтын болмашы экономикалық істері үшін де ұзақ жылға түрмеге жауып, тіпті ату жазасына да кескен. Қылмыс емес, халыққа пайда жасап, көмекке келгендердің іс-әрекеттерін қайдағы бір заңдарды алға тартып, қылмысқа теліп, ауыр қысым санатына жатқызған.

Аймақтар • 26 Сәуір, 2024

Тасқын зардабын жою қарекеті

ТЖД-ның кейінгі мәліметіне қарағанда, тасқынның әлегі тұрақты болуымен қатар күрделі қалпында. Сергеев суқоймасы әлі күнге 164 пайызға толып тұр. 24 сәуірде судың деңгейі 17 см-ге түсіп, бөгеттен асқан биіктігі 3 метр 39 см-ге жеткен.

Құқық • 23 Сәуір, 2024

Жалған ақпараттың жазасы қандай?

Адамның ар-намысын таптау, абырой-беделіне нұқсан келтіріп, аяқасты ету осы күні оп-оңай болып кетті. Тіпті ел басқарып отырған, мемлекеттің іргесін бекемдеп жүрген азаматтардың өзіне жала жа­уып, елдің алдында абыройын төге салу жаман әдетке айналып барады.

Ауыл • 16 Сәуір, 2024

Солтүстіктегі саламатты ауылдар

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі елді мекендерде басталған алкогольдік ішімдіктен бас тарту бастамасы Солтүстік Қазақстан облысы ауылдарында да күш алып келеді. Соның арқасында бұл ауылдарда ешқандай құқық бұзушылыққа жол берілмей, қылмыс тіркелмеген. Ішімдік сатудан бас тартқан елді мекеннің бірі – Есіл ауданындағы Қарағай аулы.

Құқық • 01 Сәуір, 2024

Құқықтық сауат артып келеді

Солтүстік Қазақстан облысында қылмыс түрлерінің алдын алу жұмыс­тары белгілі бір дәрежеде нәтиже беріп ке­леді. Дегенмен өңірде жол-көлік оқиғаларының жиі тіркелуі жұртшылықты алаң­­­­да­тып отыр. Мәселен, ай­мақ­­­та кейінгі екі айда ғана 39 жол-көлік оқиғасы тір­ке­ліп, 7 адам қаза тауып, 65 адам жарақаттанған.