
Руханият • 29 Қыркүйек, 2022
Елорда төріндегі Ұлттық музейде бауырлас Түркия мен Қазақстанның дипломатиялық байланыс орнатқанына 30 жыл толуына орай Түркияның Қазақстандағы елшілігі мен Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы бірлесіп, «Тарихтың бастапқы нүктесі: Гөбеклітепе» атты фотокөрме ұйымдастырды.
Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2022
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған алғашқы жылдары халқымыздың еңсесін көтеріп, елдігін танытқан оқиғаның бірі – осыдан отыз жыл бұрын, 1992 жылы Алматы қаласында 28 қыркүйек – 4 қазан аралығында өткен тарихи құрылтай. Мәртебелі жиынға Түркия, Германия, Швеция, Норвегия, Франция, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан қатарлы 33 мемлекеттен 350-дей қазақ қатысса, облыс-аудандардан 800-ге жуық өкіл шақырылған еді.
Руханият • 26 Қыркүйек, 2022
Өткен ғасырдың басында, яғни 1902 жылы дүниеге келген қазақтың танымал қаламгерлерінің бірі Тұрдықан Қасеновтің (даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың атасы) туғанына 100 жыл толуына орай, 2002 жылы аталмыш тұлғаның өмір-тарихы мен шығармашылығына қатысты дерек жинау мақсатында осыдан жиырма жыл бұрын Семей қаласында біраз уақыт аялдаған едік.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2022
Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен биылғы Балалар жылы аясында еліміздің барлық мемлекеттік архивтерінде жүзеге асатын «Архив және болашақ ұрпақ» атты республикалық жоба бойынша елорда төрінде орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде ашық есік шарасы өтті.
Руханият • 18 Қыркүйек, 2022
Алаш жолы – жанкештілік пен жасампаздық үлгісі
Алаштанушы-академик Мәмбет Қойгелдиев «Ұлттық саяси элита» атты зерттеу еңбегінде: «Алаш идеясы біріншіден – ұлттық демократиялық мемлекет құруын, екіншіден – жердің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуін, үшіншіден – қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекет азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуін, төртіншіден – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі өзге ұлттарға қарағанда үстем болуын, бесіншіден – ұлттық дәстүрге негізделген Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құруды ұстанды» депті.
Таным • 13 Қыркүйек, 2022
Қазақтың рухты ақыны Мағжан Жұмабаев «Пайғамбар» атты жырында: «Ерте күнде отты Күннен Ғұн туған, Отты Ғұннан от боп ойнап мен туғам. Жүзiмдi де, қысық қара көзiмдi, Туа сала жалынменен мен жуғам», деп толғағанын білеміз. Осында ақын атамыз айтқандай, «отты Күн» мен одан туған «Ғұн» ұғымы тек образдық көркем теңеу емес, оның тарихи терең сыры бар екен.
Қоғам • 08 Қыркүйек, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауының өзегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты тұғырлы тарихи тұжырымды негізге алып, Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет дегенді атап өтті. Әділетті қоғамның басты ұстыны – ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетіні жайлы баяндап: «Әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталды. Бұл бағдарымыз ешқашан өзгермейді, ішкі және сыртқы ахуал қандай болса да жалғаса береді», деп түйіндеді.
Тарих • 01 Қыркүйек, 2022
Бай-өлке музейі: Қобда беті қазақтарының қазыналы ордасы
Жуықта Бай-Өлке аймағына барған сапарымызда өңір тарихынан сыр шертетін мәдени мекеме орталық музейге ат басын бұрдық. Бұл мәдени ошақ – аталған өлкеге келіп қоныстанғанына 165 жыл толып отырған осындағы қазақтардың этнографиясы, тұрмыстық мәдениеті һәм тарихынан сыр шертетін бірден-бір қазыналы орда екен.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2022
Қобда бетіндегі Құнанбай жегжаты
Өткен айда Бай-Өлке аймағына барған сапарымызда ақын-драматург, даңғыл жыршы Ақтан Бабиұлы атындағы орталық кітапханада өткен іс-шараға қатыстық. Биыл туғанына 125 жыл толып отырған Ақтан ақын – Моңғолия мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер және Алтай-Қобда қазақтарының әдеби фольклорлық үлгілерін заманға сай дамытқан тұлға.
Қоғам • 25 Тамыз, 2022
Қазіргі таңда көзін жаңадан тырнап ашқан сәбидің өзі әке-шешесінің қолындағы телефонға ұмтылатын болды. Онсыз ас ішіп, аяқ босатпайтын күйдеміз. О, құдірет зар жылап жатқан сәби қолына смартфон тисе, жымың қағып жайдарлана қалатынын қайтесіз. Екі жастағы бала анасының смартфонын ашып-жауып өзіне қажет дүниені тауып алатындай қабілетке ие болса, бес жастағы баланың жекеменшік телефоны бар қазір. Осы орайда, «жас балаларға смартфонның зияны бар ма, әлде жоқ па?» деген сұрақ қазір қоғамның бас ауруына айналатын түрі бар. Өйткені бала тәрбиесі – баршаға ортақ болғандықтан, бұл сұрақтан біз де тыс қала алмаймыз.