Қоғам • 14 Қараша, 2025
Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы барын ел білсе керек. Аталған орынмен бірге «Жошы ұлысы» ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ Ә.Марғұлан атындағы Археология институты және К.Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институты елорда төрінде «Жошы ұлысы дәуірі мұрасының контексіндегі Бозоқ: музейлік кеңістіктегі репрезентация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Жәдігер • 13 Қараша, 2025
Халқымыздың бай тарихының бір пұшпағы жауынгерлік өнері мен өткен ғасырларда қолданған жарағы ауқымды түрде толық зерттеле қойған жоқ.
Таным • 12 Қараша, 2025
Абай Құнанбайұлының алғашқы жыр жинағы 1909 жылы Петербор қаласындағы І.Бораганскийдің баспасынан жарық көргені туралы көпшілік хабардар. Хакім мұрасына өмірін сарп еткен ғалым Қайым Мұхамедханов «Абайдың асыл әдеби мұрасын ең алғаш кітап етіп баспадан шығарған – Ілияс Бораганскийдің есімі мен еңбегін қазақ халқы ұмытпайды», депті.
Мирас • 11 Қараша, 2025
Бұл – түз бүркітін ұстауға таңдалған тиімді тәсілдің бірі. Ол үшін бүркіттің жем аулауға шыққанда жүретін жолы мен аялдап, қонақтайтын мекенін анықтап алу керек.
Тұлға • 05 Қараша, 2025
Биыл туғанына 110 жыл толып отырған қайраткер-қаламгер, қазақ тарихының әдеби нұсқасын жасаған даңғыл жазушы Ілияс Есенберлин шығармаларының басты құндылығы – ұзақ жыл отарланып, санасы сансырап, қара басын күйттеуден басқа қауқары қалмаған ұлтымыздың рухын көтеру еді. Осы мақсатқа жету үшін жазушы ұлт тарихының ерлік кезеңдері мен азаттық жолындағы арпалыстарын әдеби көркем шығарма арқылы насихаттай алды.
Басылым • 23 Қазан, 2025
Бала тәрбиесі баршаға ортақ. Өйткені ұрпағы озық жұрттың жағасы қисаймайды. Осы мақсат мүддесіне сай танымал педагог, ұлағатты ұстаз Күләш Шамшидинованың бала тәрбиесіне арналған «Үздік. Балаға қалай көмектескен жөн? Мектепте де, өмірде де» атты кітабы жарық көрді.
Мирас • 18 Қазан, 2025
Далада өскен түз бүркітін қолға түсірудің негізгі тәсілі – тор құру. Тор жіңішке кендір жіппен тоқылады. Көздері бүркіт өтіп кетпейтіндей сүйем шаршы мөлшерде болады. Кереге биіктігі 1,5-2 метрге жуық, етегінің айнала шеңбері отау үйдің көлемі шамасында. Одан кейін сыптығырлап жонылған ұшы үшкіл алты-жеті шыбық қада дайындайды.
Көрме • 10 Қазан, 2025
Елордадағы Ұлттық музейде Алматы облыстық «Анаға құрмет» музей ұжымының ұйымдастыруымен тағылымы терең көрме ашылды.
Мирас • 08 Қазан, 2025
Көрнекті ақын Кәкімбек Салықов жорға жылқы туралы: «Жорғасы тайпалып көз ілдірмейді, Ырғағын бұзып, өзек тілдірмейді, Беу, шіркін! Бипыл-типыл, майқаң-қайқаң, Жүрісі шайқалса да, білдірмейді», деп жырлаған екен.
Мирас • 27 Қыркүйек, 2025
Көкпар – көшпелілердің байырғы заманнан бері келе жатқан ғұрыптық спорты. Көкпардың шығу төркіні жайлы зерттеуші Ә.Қалиұлы: «Қазіргі көкпар тарту әуелде әлеуметтік мәні бар әскери машықтың қажетінен туған. Түрік қағандығы кезіндегі «дербес жасақты» осындай жаттығудан өтіп, сыналған жауынгерлерден жасақтаған. Әскери машықтың бұл түрі бейбіт күндерде көкпар тарту ойынына ұласып отырған», дейді.