Білім • Бүгін, 08:35

Ғылым саласындағы маңызды белес

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанадағы Назарбаев зияткерлік мек­тебінің түлегі Аида Давлетова IOL халық­аралық лингвистика олимпиадасының тапсырмалар комиссиясына қабылданды. Біздің маманның алғаш рет олимпиаданың негізгі сараптамалық құрамына өтуі – отандық ғылым саласындағы маңызды белес деуге болады.

Ғылым саласындағы маңызды белес

Шынында, мұн­дай беделді халық­аралық комитет­ке екінің бірі қабыл­данбайды. Бұл ше­шім Аиданың кәсі­би даярлығы мен ғы­лыми әлеуетінің жоғары екенін көрсе­теді.  Бір жағынан, жас зерттеушінің лингвистика сала­сындағы жүйелі еңбе­гінің жемісі деп білеміз.

Былтыр ол халықаралық олим­­пиадаға тәуелсіз автор ре­тінде тап­сырма ұсынып, кәсі­би қауым­дас­тықты бірден өзі­нің ғылыми жұмысының нақты­лы­ғымен әрі тереңдігімен тәнті етті. Оның жұмысы жеке тур­дың ресми жинағына еніп, қаты­су­шылардың таңдауымен «Solvers’ Choice Award» марапатына ие болды.

Аиданың отандық олим­пиа­далық  қызметі де назар аудартады. 2023 жылдан бері ол республикалық лингвистика олимпиадасының тапсырмаларын әзірлеп, қазылар алқасының жұмысына және ұлттық құрама резервін дайындауға тұрақты түрде қатысып келеді. Оның әзірлемелері бізден тыс елдерде де сұранысқа ие болып, Үндістандағы жинақтарға және IOL іріктеу турларына енген. Сондай-ақ жас маман «QazGO» география олимпиадасы мен Неміс лингвистика олимпиадасының (DOL) комитет мүшесі.

Оқушы кезінен білім­дар­лығымен көзге түскен талапты жас  ел атынан «IOL», «iGeO» және «EGeO» ха­лықаралық олимпиадаларында бақ сынап, жүлделі орындарды иеленді. Бүгінде ол жаттықтырушы ретінде де нәтижелі еңбек етіп жүр. Оның шәкірттері Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында жоғары жетістікке қол жеткізіп, биылғы халықаралық додада құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазір NIS түлегі Германияның Тюбинген университетінде ком­пьютерлік лингвистика бағы­тында білім алып жатыр. Аида­ның халықаралық тап­сыр­ма­лар комиссиясындағы жаңа рөлі – кәсіби өсудің келесі кезеңі. Бұл мүмкіндік оған жаһан­дық лингвистикалық қауымдас­тық­тың дамуына үлес қосып, елімізді сарапшылық деңгейде таныстыруға жол ашады.