Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
851 материал табылды

Руханият • 20 Наурыз, 2022

Жеті қазына – жеті ырыс

Кейбір жағдайда көшпенділер танымында материалдық құндылықтарды да қазы­­на­ға телу бар. Демек қазақтың қазына тура­лы пәлсапалық байламы – қарапайым тілмен айтқанда, қоғам­дық дамудың ұстын­да­рына жататын материалдық һәм рухани құн­ды­­лық­тар. Яғни жеті қазына дәл мынау дей­тін­дей нақты тоқтам жоқ. Бірақ бұл ұғым хал­қымыздың ежелгі танымына сіңіріл­ген – «жеті қабат көк», «жеті қабат жер», т.б. тұжы­рым­да­ры негізінде «жеті» са­нына тұ­рақ­тап, басты құндылықтарды әр­түрлі жеті жікке бөлгенінен аңғаруға бо­ла­ды.

Тарих • 20 Наурыз, 2022

Барыс жылы туралы баян

Жаңадан ғалам қақпасын ашқан – Барыс жылы туралы ел ауызында сақталған:Жылыңыз он екіге бөлінеді,Ежелден осылайша көрінеді,Қарасаң бәрі бірдей болғанымен,Өтеуі неше саққа телінеді.Он екі жылдың үшіншісі Барыс екен,Ниеті хайуанның талыс екен.Жоқшылық, құрғақшылық пәлекеттерБұл жылдан жұттың ауылы алыс екен, – деп келетін көне шумақ бар.

Елорда • 16 Наурыз, 2022

Жақсылық жоралғысындай жобалар

Елорда төрінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының астаналық филиа­лы ұйым­дастыруымен Қазақ тілі мен мәдение­тінің I форумы өтті. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Алтын қыран» компания­лар тобы, Халықаралық «Болашақ» стипендиаттар қауымдастығы қатарлы ұйымдар қолдау көрсетсе, маңыз­ды жиынға Пар­ламент Мәжілісінің депутаттары мен мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, тіл жанашырлары қатысты.

Таным • 13 Наурыз, 2022

Елді тыңдаудың үлгісі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі жылдың алдында «Сындарлы қо­ғамдық диалог – Қазақстанның тұ­рақ­ты­лығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру жайлы айтып: «Азаматтардың бар­лық сындарлы өтініш-тілегін жедел әрі тиімді қарастыратын тұжырымдаманы іске асыру – бәрімізге ортақ міндет», деген болатын. Президентіміз жоғарыдағы мәселені ­жылдың басында тағы да еске салып: «Біз халық үніне құлақ асатын мемлекет құ­ра­мыз. Бұл – асыра айтқандық емес. Шын мәнінде, мемлекет өз азаматтарының пікірін мұқият тыңдауы қажет» деді.

Руханият • 10 Наурыз, 2022

Манжероктағы кездесу

Таулы Алтай Республикасына қарасты курортты аймақ Майма ауданы аумағында Манжерок атты шағын кент бар. Қала­шықтың ір­гесі 1856 жылы қаланған дейді.  Ауылды жанай тас­қыны қатты Қа­тын өзені ағып жатыр. Өлке­нің та­би­­ғаты көр­ген жанды тамсандыр­май қой­­май­ды. Көк­пен таласқан ақ самырсын мен бал қа­ра­ғайы, таудан құлап аққан мөлдір бұлақ су­лары, тума таби­ғаттың саф ауасы... жанға ши­па, дертке дауа.

Тарих • 09 Наурыз, 2022

Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жайлы жазбаларды оқығанда

Биыл туғанына 100 жыл толған қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметова жайлы мәлімет іздеп отырып, апамызға Батыр атағы 1944 жылы 1 нау­рыз күні берілгенін көріп, бұл оқиға туралы баспасөз беттерінде не жазылды екен деген үмітпен ең әуелі «Социалистік Қазақстан» газетінің тігіндісін ақтар­дым. Үміт алдамады. Га­з­еттің 1944 жылғы 5 нау­рыз күнгі санына үлкен сержант М.Ж.Мәметоваға Кеңестер Одағының Ба­ты­ры атағын беру туралы КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Указы және батыр қыздың май­дан­дағы фотосы қоса жарияланыпты.

Руханият • 07 Наурыз, 2022

Батыр Баян

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жарық көрген «Социалистік Қазақстан» газетін ақтарып отырып, атақты филолог ғалым, академик Қажым Жұмалевтің «Майдандағы қазақ қыздары» атты шағын мақаласын ұшыраттық. Онда: «Рауза Шамшатова, Әдия Молдағұлова (Әлия шығар), Ерке Оразбаева, Баян Байғожина, Балшекер Ахметова, т.б. қазақ қыздары майданда ерлік көрсетті.

Қоғам • 02 Наурыз, 2022

Аманат – азаматқа парыз

Атамыз қазақ «Аманат молшылық әкеледі, қиянат кедейлік әкеледі» деген. Яғни аманат бұзылған жерде қиянат қанат жаяды. Ондай ортада ынтымақтың іргесі сөгіледі, берекенің қамалы бұзылады.

Руханият • 02 Наурыз, 2022

Елді сүюдің үлгісі

Ата-бабаларымыз әлімсақтан ұстанып келе жатқан ислам дінінде «хуббул-уатан минәл-иман» деп айтылатын мағынасы терең риуаят, яғни өсиет бар. Бұл ұғымды қазақша тәпсірлесек, «елді, отанды, жерді сүю – иманнан» дегенді білдіреді екен. Де­мек пенде баласының елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі һәм адал махаббаты жү­ре­­гіне сіңген иман қуатымен өлшен­бек. Абайша айтсақ, «Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін, Харекет қыл, пайдасы көп­ке тисін, Көптің қамын әуелден тәңі­рі ойлаған, Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін». Дана атамыздың мына сөзін тәп­сір­лер болсақ, иманы кәміл, ықыласы ке­мел адам ғана елін, жерін, Отанын сүйе алары хақ.

Тарих • 02 Наурыз, 2022

Қайысбай балуаннан қалған белгі

Қытай-Шыңжаң өңіріне атағы шыққан Қайысбай Иісұлы деген әйгілі балуан өткен. Балуанның өмір тарихын зерттеген қаламгер Баяхмет Жұмабайұлының пайымынша Қайсекең 1890 жылы Шыңжаң-Алтай аймағының Сарғусын деген жерінде дүниеге келіп, 1960 жылы желтоқсан айында Шіңгіл ауданы, Бәйшін қыстағында бақилық болған дейді.