
Қоғам • 27 Наурыз, 2020
Осыдан 21 жыл бұрын, яғни 1999 жылдың маусым айы болатын. Астаналық басылым - «Ақшам» газетінде қатардағы қызметкер едік. Төтеден тапсырма түсті. Облыстық өлкетану және тарих музейінде армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовпен кездесу өтеді екен. Ұмытпасам, шараны ұйымдастырушы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Оразкүл Асанғазы.
Әлем • 27 Наурыз, 2020
Коронавирус туралы Билл Гейтстің пайымы
АҚШ-тың атақты бизнесмені Билл Гейтс коронавирус қасіреті жайлы өз пайымын білдіріпті. Оның хатын Наоми Кэмпбелл өзінің Instagram желісінде жариялапты. Бизнесменнің айтуына қарағанда, жамандықтың артында жақсылық жасырынып тұрады. Бұл - ақиқат. Ендеше, тыңдаңыздар!
Әлем • 27 Наурыз, 2020
Байөлкеліктердің майданға көмегі
ІІ дүниежүзілік соғыс басталған сәтте Моңғол Халық Республикасының Мемлекеттік Кіші Құрылтайы кезектен тыс сессиясын шақырып, фашистермен шайқасып жатқан Қызыл Армияға қаржылай һәм мүліктік көмек көрсету туралы шешім қабылдап, халық арасында «Екінші дүниежүзілік соғысқа көмек» акциясын бастайды. Оған малшы араттар қолындағы жылқысын, сандығындағы алтын-күмісін, қой терісінен жасалған жылы тондарын, ет-май, құрт-ірімшік, сүт өнімдерін ұсынады.
Коронавирус • 26 Наурыз, 2020
Коронавирус жұқтырған жұлдыздар не дейді
Соңғы мәліметке қарағанда Covid-19 дерті әлемнің 196 еліне тарап үлгеріпті. Шамамен 410 мың адам зардап шегуде көрінеді. Бір таңданарлық жағдай – бұл вирус адам таңдамайды. Тіпті әлем жұртты жақсы танитын, атағынан ат үркетін, денсаулығында иненің көзіндей кінарат жоқ жұлдыздардың өзі, нақтырақ айтқанда, белді баткетболшы, атақты аяқдопшылар дерт жұқтырып, емделіп жатыр.
Таным • 26 Наурыз, 2020
12 жыл бір мүшелге жатады. Яғни, адам 12 жасқа толып, 13-ке аяқ басқанда алғашқы мүшелді толтырып, «Бозбала» немесе «Бойжеткен» атанады. Екінші мүшел – 25 жас. Нағыз жігіттік кезең. Үшінші мүшел – 37, төртінші мүшел – 49, бесінші мүшел – 60 жас... осылай кете береді. Ежелгі түркілер 5 мүшелді, яғни 60 жылды бір цикл (жарын) деп атап («Григориан» жыл есебіндегі ғасыр сияқты), заман барысын жаңартып отырған.
Руханият • 26 Наурыз, 2020
Жаңа жарынның басы – Темір тышқан
Жоғарыда атап өткеніміздей, бір мүшелге жататын жыл аттарының алғашқысы – Тышқан. Көне түркі жазбаларында «табығасын» деген атпен белгілі бұл жануар «жарын» есебінің бірінші жылы. Ежелгі түркілер бір жарында, яғни 60 жылда 12 жыл атауы бес дүркін қайталанатындықтан, қателесіп кетпес үшін оларға бес түрлі түс және бес түрлі материалдық зат атауын берген.
Таным • 22 Наурыз, 2020
Қазақтың ежелгі жыл санау есебі – байырғы көшпенділер мәдениетінің бір үзігі. Яғни, сонау ғұн, сақ дәуірінен ірге тартып, кейінгі түркі қағанаты кезінде кең қолданыста болған, әрбір жылы 12 жануардың атымен атылып, уақыт өлшеу есебі Айдың қозғалыс фазасына негізделіп жасалған қазақ жыл санауы 5 мүшелге (цикл) жүгіндірілген өлшем.
Руханият • 21 Наурыз, 2020
Наурыз мерекесінің рухани маңызын зорайтатын тетіктерінің бірі – татулық мейрамы екендігі. Яғни наурыз күні араздасқан адамдар кешірісіп, татуласады. Өйткені татулық – берекенің басы. «Төртеу түгел болса – төбедегі келеді, алтау ала болса – ауыздағы кетеді» дегендей татулықтың туы желбіреген жерде елдің ырысы өседі, бағы артады, болашағы баянды болады.
Руханият • 20 Наурыз, 2020
Жуырда қытайлық кинематографистер жасаған тарихи сериалды тамашалап отырып, мына бір шағын эпизодты аңдадық. Бас кейіпкер патша уәзірлерін шақырып «Үш ұлымының қайсы мұрагерлікке лайық» айтыңдар дейді. Көпшілік көркем мінезді үлкен ұлды лайық көреді. Патша: - Ол лайық емес, өйткені оның бойында ұлы арман жоқ, яғни армандай алмайды, деді. Осы сөзді естігенде ойыма бірден атақты Шыңғыс қағанның «Арманың қанша асқақ болса, арғымағың сонша шабысты болады» деген ұлағаты орала кетті.
Таным • 20 Наурыз, 2020
Қазақ халқы ежелден жылқы баққан...
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды», дейді. Сол сияқты дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров: «Қазақ халқы ежелден жылқы баққан, Артық көрген ат үстін алтын тақтан» десе, бұл тұрғыдан халқымыздың жылқытану қабілеті мен оның бағым-күтімі жайлы ілім-тәжірибесі жетерлік.