 
                                                            Тұлға • Кеше
Ұлттық құндылықтар – ұлы қазына
Кемеңгер Әбіш Кекілбайұлы жазып кеткендей: «...Жалпақ әлемге қысылмай-қымтырылмай қарау үшін рухани байлық керек». Сондықтан жеті ықылымнан жеткен салқар салт-дәстүріміз, ғасырлар ғақлиясындай ғажайып ауыз әдебиетіміз, милләттің мәңгілік мақтанышындай мәдени мұраларымыз, ұзын сөздің қысқасы, ұшан-теңіз ұлағатқа толы ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау елдіктің ерен белгісі екені талас тудырмайды. Өйткені өз халқының өнегелі өткенін білмей өскендерде өршіл рух болмайды. Ендеше, Отаны үшін отқа түсуге даяр ұл-қыз тәрбиелегіміз келсе, бабадан мирас бар қазынамыздың қадір-қасиетін бағалай білуіміз қажет.
Басылым • 24 Қазан, 2025
Елорда эпопеясын қаттаған қос газет
Бейбітшілік және келісім сарайында «Елорда-ақпарат» медиахолдингіне қарасты «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің шыға бастағанына 35 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.
Өнер • 31 Мамыр, 2025
Дүниені дүрліктірген «Қыпшақ биі»
Паһ шіркін!Еуропаны елеңдетіп, паң Парижді пай-пайлатқан осынау өнер туындысы ойға оралса, өн-бойымыз өзгеше күйге еніп, кеудемізді керемет сезім кернейді. Өйткені оның кейіпкерлері – біздің бабаларымыз. Бір заманда Еуразия ендігінде Дешті қыпшақтың десі басым болғаны баяғыдан белгілі. Асқақ Алтайдан асау Дунайға дейінгі аралықта ат ойнатып, қайқы қылыштарымен қарсы келген жауларын қоғадай жапырған бұл жауынгер халық жайында тасқа басылған тарихи деректер де, ауызша айтылатын аңыз-ертегілер де жетіп артылады. Олардың дүрілдеген даңқын жаулаған елдерінің ақындары да дәріптеп жырға қосқан. Солардың маңдай алдында орыс фольклорының мақтанышы – «Игорь жасағы туралы жыр» тұрғаны талас тудырмайды.
Талбесік • 29 Мамыр, 2025
Ақтоғайға бардың ба, Ақсораңға шықтың ба?
Баяғыдан бағы артқан Ақтоғайға бардық. Көк сеңгірі көз сүйсінткен Ақсораңды алыстан болса да көрдік. Бірақ қиясында қыран қалықтап, қырқасында қисапсыз арқар өрген Арқаның асқар шыңына шыға алмадық. Асығып тез аттанғандықтан көңіл көксеуін көншітуді алдағы күндердің еншісіне қалдырдық.
Басылым • 25 Сәуір, 2025
Тамам жұртқа танымал талантты журналист Майя Бекбаеваның ұлтқа қызмет етуді көздеген берік ұстанымы бек ұнайды. Қазақтың қилы тарихын қозғаған, тұғыры биік тұлғаларымыздың тағдыры туралы тереңнен толғаған тұшымды телевизиялық туындылары көкірегі ояу көрерменнің көзайымына айналғалы қашан.
Пікір • 18 Сәуір, 2025
Ерте, ерте, ертеден ескерткіш атаулыны қадір тұтқан елміз. Қиян даламыздың қай қиырына барсаңыз да, қисапсыз мол мәдени мұрамыздың үздік үлгілерін кездестіресіз.
Руханият • 02 Сәуір, 2025
Үш қиян («Шеге құм», «Толқын», «Шағала»)
Егер естеріңізде болса, атақты Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбеті» құрлық пен сулық атты екі алапаттың мәңгілік толас таппас сұрапыл айқасы туралы толғаммен басталатын еді ғой. Ғажайып хикаятқа арқау болған Сахалиндегі Охот теңізі әлі ортайған жоқ. Асау толқындары жағасындағы шың-құздардың жақпар тастарын жалап, аласұрып жатқаны жаһанға аян.
Пікір • 01 Ақпан, 2025
Баспасөздің анықтамасы баршаға аян. Баяғыдай тасқа басылып тарайтын газет-журналдың жиынтық атауы. Ал өзімізше өгейсітіп, басқа сөзге балап отырғанымыз: радио, теледидар, фейсбук, инстаграм, тик-ток, тағысын тағылар. Уақыт ұршығында ұтымды айналып, бейбітқатар өмір сүруге әбден лайық бренд пен тренд.
Мирас • 23 Қазан, 2024
Ұшы-қиыры ұшқан құстың қанатын талдыратын ұлан-ғайыр даламызға кімдер келіп-кетпеген. Арғы-бергі замандарда Қазақияға ат басын бұрушылардың қатары қалың болған көрінеді. Өкінішке қарай олардың көбінің аты-жөнін, жазған-сызғанын біле бермейміз.
Аймақтар • 10 Қазан, 2024
Ел мен ер – егіз ұғым. Екеуі бірін бірі толықтырып тұрады. Қияға самғар қыранның да қайырылып соғар ұясы болады. Адам да солай. Кіндік қаның тамған киелі атамекенің, ешкімнен именбей жүрер, еңкеймей кірер еңселі ордаң – Отаның болмаса басыңа бақ қонуы екіталай. Сондықтан да ел үшін еңіреп туған ерлер тұлпар мініп, ту ұстап, туған жерін қорғаған. Қас жауына қасқайып қарсы шапқан. Азаттық жолында айқасқан талай батырларымыздың есімі тарихта қалды. Қарауындағы халқын қантөгіссіз билеп, ақарлы-шақарлы, шалқыған жұртқа айналдырған қаншама хандарымыз өтті. Асқан ақылымен ұлтымызды ұйыстырып, бірлігімізді бекемдеген бектеріміз бен би-шешендеріміздің, айналасын аузына қаратқан ақын-жырауларымыздың асыл сөздері – кейінгілерге өшпес өнеге.
 
                             
                                 
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                