
Үкімет • 14 Сәуір, 2022
Балалардың құқығын қорғауға баса мән беріледі
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.
Әлем • 14 Сәуір, 2022
Ресей әскери-теңіз флотының ең қуатты кемелерінің бірі, Қара теңіз флотының флагманы «Москва» крейсері отқа оранды. Бұл туралы жаңалық әлеуметтік желілерде тараған еді. Кейіннен Ресейдің қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты растады. Украина тарапы крейсерді қанатты зымыранмен атқылағанын хабарлап отыр.
Үкімет • 13 Сәуір, 2022
Семейде ядролық қауіпсіздік аймағы құрылады
Кеше Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы заң жобасы мақұлданды.
Қазақстан • 11 Сәуір, 2022
АҚШ Қазақстанмен өзара байланысты тереңдетуге мүдделі
Қазақстан Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Қазақстан Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зеяның тең төрағалығымен Қазақстан мен АҚШ арасындағы адам құқықтары мен демократиялық реформалар жөніндегі жоғары деңгейдегі диалогтің бірінші отырысы өтті.
Қоғам • 10 Сәуір, 2022
Психологияда «Стокгольм синдромы» деген термин бар. Ғалымдар бұл терминге тұтқынның басқыншыға симпатия, тіпті аяныш сезімін білдіруді сипаттайтын психологиялық феномен деп сипаттама беріпті. Бір қызығы, осы «Стокгольм синдромы» қоғамнан жиі байқалады.
Әлем • 10 Сәуір, 2022
Францияның келесі президенті кім болады?
Жексенбі күні Францияда президент сайлауы өтті. Бірінші турдың қорытындысы толық шықпағандықтан, үш жолақты елдегі саяси бәсекеде кімнің аты озатынын шолып көрмекпіз. Десе де, қазіргі президент Эммануэль Макронның шоқтығы басқалардан биік тұр.
Үкімет • 07 Сәуір, 2022
Медиация – дауларды реттеудің баламалы құралы
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар «Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясын ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
Әлем • 07 Сәуір, 2022
БҰҰ-ға реформа жасау қажет пе?
БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейді БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің мүшелігінен босату туралы дауыс бермек. Мұндай бастаманы АҚШ тарапы көтеріп отыр. Басты себеп – Украинадағы Ресей сарбаздарының «адам құқықтарын өрескел және жүйелі түрде бұзуы».
Үкімет • 06 Сәуір, 2022
Тұрғындарды мазалаған мәселе жүйелі шешілуге тиіс
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар өңірлерге сапары кезінде тұрғындардан келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша Үкіметтің ақпаратын тыңдады. Отырысқа Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған бірқатар Үкімет мүшелері арнайы келді.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2022
Ветеринария саласы реформалауды қажет етеді
Кеше Мәжілісте Үкімет сағаты өтті. Жиын барысында ауыл шаруашылығы, ветеринария мәселелері талқыланды. Саланың жай-күйі жөнінде депутаттарға Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баяндады.