
Саясат • 28 Сәуір, 2022
Мүмкіндігі шектеулі адамдар дискриминацияға ұшырамауға тиіс
Кеше Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты заң жобасы мақұлданды.
Қазақстан • 26 Сәуір, 2022
Ауылды дамытуға көңіл бөлінеді
Мәжілісте «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру туралы» тақырыбында Үкімет сағаты өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық жерлерді дамыту жөнінде бірқатар тапсырма бергені белгілі. Жиын барысында салаға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Саясат • 26 Сәуір, 2022
Газдандыру – кезек күттірмейтін мәселе
Кеше Парламент Сенатында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында «Қазақстан Республикасының өңірлерін газдандыру: Қазіргі жағдайы, проблемалары және оларды шешу жолдары» тақырыбы бойынша Үкімет сағаты өтті.
Әлем • 25 Сәуір, 2022
Украинадағы қақтығыстың басталғанына екі айдан асты. Осы мерзім аралығында мыңдаған бейбіт тұрғын қаза тауып, миллиондаған адам босып кетті. Қаза тапқан жауынгерлер екі жақта да аз емес. Қираған ғимараттар мен нысандардың санында есеп жоқ. Осы екі айдың ішінде не өзгерді?
Қазақстан • 25 Сәуір, 2022
Жайылым мәселесі қалай шешіледі?
Мәжіліс депутаттары өңірлерде қосалқы шаруашылықтардың мұқтаждықтары үшін жайылымдық жерлердің тапшылығын төмендету мәселесін талқылады. Жергілікті жерлердегі жағдайды зерделеу үшін депутаттар Ақмола, Қарағанды және Түркістан облыстарына барды.
Әлем • 22 Сәуір, 2022
Украинаның оңтүстігі мен шығысында соғыс жалғасып жатыр. Соңғы бірнеше күнде Ресей тарапы ракеталық атқылауды күшейте түсті. Батыс елдері Украинаға ауыр техника беруге кірісті. Сарапшылардың айтуынша, алдағы уақытта Донбаста шешуші қақтығыс өтуі мүмкін.
Әлем • 22 Сәуір, 2022
Соңғы жылдары әлем елдері Эстонияға ерекше назар аударып отыр. Мұның себебі жетерлік. Соның бірі – Балтық теңізі жағалауында орналасқан мемлекеттегі білім сапасы. Үш жыл бұрын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Pisa-2018 нәтижесін жариялағаны белгілі. Аталған тізімде Қытай көш бастады. Ең қызығы, Еуропа елдері ішінен Эстония ешкімге дес бермей тұр.
Саясат • 22 Сәуір, 2022
Бауырластықты бекемдейтін бірегей ұйым
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиын барысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі академиясы арасындағы Түркі академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
Саясат • 21 Сәуір, 2022
Республикалық бюджет көлемі ұлғаяды
Кеше Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында республикалық бюджетке өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл мәселе жөнінде Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Тимур Жақсылықов баяндама жасады.
Әлем • 17 Сәуір, 2022
«Даунинг-стриттегі» дау толастар емес
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон шелектеп төккен абыройын қайтадан қасықтап жинай бастады. Әсіресе, Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін туындаған халықаралық дағдарысқа қарсы іс-қимылы оның Тұманды Альбиондағы беделін сақтап қалды.