Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2661 материал табылды

Қоғам • 04 Қыркүйек, 2020

Еңбек мигранттары екі есе азайды

Пандемия кезінде мемлекетіміз мигранттардың жағдайына қарайласып, карантин кезінде тіркеу мерзімі өткені үшін ешқандай әкімшілік жаза қолданылмағаны белгілі. Сонымен қатар заң бойынша еңбек иммигранттарына мемлекетімізде бір жыл тұруға рұқсат етілетін, бірақ карантинге байланысты бұл мерзім ұзартылды.

Қоғам • 03 Қыркүйек, 2020

ХҚО-да қосылғандар (Жыл сайын бұл мекемеде 25-30 жұп отау құрады)

Халыққа қалтқысыз қыз­мет етіп отыр­ған «Аза­мат­тарға арналған үкімет» мемлекеттік корпора­ция­сының қашанда шаруасы шаш етектен. Бұл мекеме мемлекеттің бүкіл құжат­тарын реттеп, рәсімдеп қана қоймай, талай жас­тар­дың махаббатының куәсі болып, қазақ­стандық жас отбасылар қатарын көбейтуге өз үлесін қосып келеді.

Қоғам • 02 Қыркүйек, 2020

Әл-Фараби университеті: Жолдау – жүргізіліп жатқан реформаларға серпін береді

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқыланды, ол реформалардың негізгі векторларын және қазіргі жағдайда елдің одан әрі қарышты әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын айқындайды.

Білім • 27 Тамыз, 2020

Жекеменшік мектептер «клиенттерін» жоғалтпау үшін бәріне дайын

Жаңа оқу жылы жақындаған сайын ата-аналардың мазасы кете бастайды. Биыл баласы мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын ата-аналардың көңілдері екі есе күпті болғандықтан, уақыт оздырмай, шешіп алуы тиіс мәселелелер шаш етектен.

Туризм • 26 Тамыз, 2020

Биылғы Шымбұлақ... (Туристік сала өкілдері теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте бас қосты)

Шымбұлақ тау курортында туризм саласындағы қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар басшыларының кездесуі өтті. Айта кету керек, мұндай кездесу алғаш рет осындай шырқау биіктікте өтіп отыр (теңіз деңгейінен 3200 м).

Медицина • 26 Тамыз, 2020

Тегін екпе кімдерге жасалады? (Иммундау бағдарламасы биыл 430 мың алматылықты қамтиды)

Елімізде пандемияға байланысты биыл 22 наурыздан бас­тап профилак­тикалық егулер тоқтатылып,11 мамырда қайта басталғаны белгілі. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес бұл іс қай­та қолға алынды. Биыл жылдың соңына дейін диспансерлік есепте тұрған 405 мың алматылықты қамту жоспарланған. Ал тегін екпе 25 мың жүкті әйелге жасалады.

Қоғам • 25 Тамыз, 2020

Алматы фельдшерлері жедел жәрдемде жүкті әйелді босандырып алды

Толғақ айтып келмейтіндіктен, өз ауысымдарында Алматыдағы 8 қосалқы станциясының 8/31 бригадасының фельдшерлері Равиль Азизов пен Баратжан Рембакиев сирек қайталанатын жағдайға тап болды. Алайда, медицина қызметкерлері абдырамастан, аяғы ауыр әйелді жедел жәрдем машинасында босандырып алды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 25 Тамыз, 2020

Соңғы сырқат жұқпалы аурулар бөлімшесінен шықты

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабар­лауынша, №4 қалалық клиникалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінен індетке шалдыққан соңғы науқас емделіп үйіне қайтты.

Қоғам • 24 Тамыз, 2020

Психотерапевт: Коронавирустық індеттің менталдық денсаулыққа да зиянды ықпалы бар

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ психотерапевті Рашид Азизовтың айтуынша, коронавирус пандемиясы тән денсаулығына қауіп төндіргеннен басқа менталдық денсаулық саласындағы проблемаларға да түрткі болып, халықтың үрейін  арттырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 20 Тамыз, 2020

"Композитор" фильмі Ванкувер кинофестивалінің 4 бірдей жүлдесіне ие болды

Қазақстан мен Қытай кинематографистері бірігіп түсірген "Композитор" көркем фильмі VIII Ванкувер қытай киносы халықаралық фестивалінде 4 бірдей жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz