Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2537 материал табылды

Алматы • 20 Желтоқсан, 2024

Алматыны аялай білейік!

Қашанда шаруасы шаш етектен болып жататын Алматы қала­сының Мемлекет басшысының пәрменімен қолға алынған «Таза Қазақ­стан» акциясын атқаруда үздіксіз белсенділік танытқанын дәйектейтін тірлік көп. Тазалықты өнеге, әдетке айналдыру бас­тамасына қала билігі жастарды, танымал спорт саңлақтарын, өнер жұлдыздарын да тартып, тынымсыз жұмыс жасады.

Медицина • 04 Желтоқсан, 2024

Көру қабілетін сақтаудың бірегей әдісі

Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті клиникаларының базасында көздің трансплантологиялық операциялары қайта қолға алынды.

Алматы • 04 Желтоқсан, 2024

Қоқыс алаңдары реттеледі

Сәуір айында Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс XVI сессиясында депутаттар қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау, тасымалдау, сұ­рыптау мен көму құны қанша тұратынын ба­ғамдап, тарифтерін бекіткен еді.

Волонтер • 26 Қараша, 2024

Волонтерлік ұйымдар слеті

Алматы қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында волонтерлік ұйымдардың слеті өтті.

Фотогалерея • 21 Қараша, 2024

Фото нысанда – тұмса табиғат

Тереңіне қанша бойласаң да, тылсымы мен құдіретін түгел ашпаған таби­ғат­тың байлығы мен құбылыстарынан асқан не ғаламат бар? Алыс-алыс ел­дерді, адам аяғы тимеген нулы жерлерді айтпағанның өзінде, туған өлкеміздің өзі тұнған қазына, небір кереметке толы екенін кім жоққа шығара алмақ.

Мәдениет • 19 Қараша, 2024

Алматыда «Қазақстанның тұмса табиғаты» сайтының тұсауы кесілді

Алматыда «Қазақстанның тұмса табиғаты» уеб-сайтының тұсаукесер рәсімі өтіп, сайт таныстырылымы аясында аттас фотокөрме қатар ашылып, жұртшылық назарына жоба дерекқорына кірген жан-жануарлардың тамаша фотосуреттері ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек • 16 Қараша, 2024

Сұранысқа ие мамандықтар

Елімізде қазіргі таңда стоматолог, дипломат, денешынықтыру мұғалімі сынды мамандықтар сұранысқа ие. Мұның дәлелі – биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысында талапкерлер арасындағы ең үлкен бәсеке былтырғыдай тіс дәрігері мамандығына болған – бір орынға 35 адамнан келеді. Екінші орында «Халықаралық қатынастар және дипломатия» – бір орынға 11 адам үміткер. «Денешынықтыру мұғалімі» мамандығына – 10, «Психология» мамандығына 9 талапкерден келеді.

Құтқарушы • 13 Қараша, 2024

«Жас құтқарушы» сыныбы ашылды

Алматыда алғаш рет 9-сыныптан бастап балаларды құтқарушы мамандығына үйрететін «Жас құтқарушы» сыныбы ашылды. Жетісу ауданындағы №87 жалпы білім беретін мектепте ашылған жаңа сынып дәрісі Құтқарушылар күнінен бастау алды.

Медицина • 12 Қараша, 2024

Балалардың көз ауруларын емдейтін хирургия жетілдіріліп келеді

Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы базасының Көз микрохирургиясы бөлімшесінде күрделі витреоретиналдық патологияларды хирургиялық емдеу әдісі жолға қойылды десек те болады. Осы мақсат жолында аталған бөлімше Constellation Vision заманауи лазерлік хирургиялық жүйесімен жабдықталып, шетелдерде күрделі офтальмологиялық операция жасауға маманданған орталықта арнайы 3 офтальмолог-хирург даярланып отыр.

Қоғам • 11 Қараша, 2024

Бедеулік мәселесін көтерген Конгресс рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Алматыда көкейкесті сипатқа ие болған оқиғаның бірі – Қазақстан репродуктивті медицинасы XVI Халықаралық конгресі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.