Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2486 материал табылды

Қазақстан • 14 Мамыр, 2024

Эвереске тұңғыш шыққан қазақ қызы

Адам баласын құзар шың­дарға құштар етіп қойған қандай құдірет екені бізге беймәлім, алайда Не­пал мен Қытайдың ор­та­сындағы, әлемнің ең биік нүктесі – Эвересті бағындыру­ды армандамайтын альпинист жоқ шығар. Отандық альпинизм тарихында Анар Бұрашева қазақ қыздарының арасында алғашқы болып «Kazakh Everest Team» экс­педициясының құра­мында Эверестің шыңына шықты. Ол әйгілі отандасымыз Мақсат Жұмаевпен бірге кезекті рет Қазақстан туын Джомолунгма та­уы­ның төбесінде желбі­ретті.

Алматы • 14 Мамыр, 2024

Майдангерлерге арналған аллея

Биылғы жаңбырлы көктем күн сайын мыңдаған көшет отырғызылып жатқан Алматыны бұрынғыдан да көркейтіп, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына шын мәнінде серпін берді. Ал Жеңіс күні Алматыдағы Ә.Жангелдин атындағы гүлзарда Ардагерлер аллеясы ашылып, оған соғыс және еңбек ардагерлері ортақтасты.

Денсаулық • 11 Мамыр, 2024

Обырдың емі – ерте диагноз

Биыл Медициналық сақтандыру қоры Алматыда онкологиялық дерттерді ерте анықтау мақсатындағы шараларға 4 млрд теңгеге жуық қаржы бөліп отыр. Арнайы скринингтік тексерулер обырдың үш түрін асқындырмай анықтауға мүмкіндік береді.

Алматы • 09 Мамыр, 2024

Бірегей экологиялық құрылғы

Алматы қаласында өз елімізде шығарылған ең алғашқы фандомат пайда болды. Осылайша, техникалық режімде мегаполистегі Панфилов пен Төле би көшелерінің қиылысында пластикалық бөтелкелер мен сусындардың алюминий ыдыс­тарын қабылдайтын алғашқы фандомат іске қосылды. Құндық шикізат қатарындағы тұрмыстық қалдықтар мұқият сұрыпталғаннан кейін пайдалы тауарлар өндіретін кәсіпорындарға одан әрі қарай өңдеуге жіберіледі.

Медицина • 03 Мамыр, 2024

«Ақылды» нейростимулятор

Елімізде алғаш рет екі нау­қас­тың жұлынына «ақыл­ды» нейростимулятор орнатылды. Құны 8,5 млн теңге тұратын, МӘМС аясында Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруха­насының мамандары жаса­ған бұл операция – отандық медицинадағы елеулі оқиға.

Қоғам • 22 Сәуір, 2024

Виртуалды Наурыз мейрамы: TikTok-та 27 мыңдай бейнеролик түсірілді

TikTok платформасы осымен екінші жыл қатарынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Туризм және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының қолдауымен #Наурыз2024 онлайн-фестивалін қорытындылады, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 12 Сәуір, 2024

Астанада І халықаралық акушерлер конгресі аяқталып келеді

Елордада кеше, 11 сәуір күні басталған акушер мамандардың «Аялы алақан» атты І халықаралық конгресі бүгін мәреге жақындап келеді. Отандық денсаулық сақтау ісіндегі акушерлердің қызметін жетілдіріп, рөлін арттыруды көздейтін екі күндік конгресті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен AYALA қайырымдылық қоры ұйымдастырып, ДДҰ, Назарбаев Университеті Медицина мектебі, «University Medical Center» корпоративтік қоры қолдау көрсетті. Форумға Қазақстан, Швеция, Австралия, Латвия, Беларусь, Литва, Ресей, Қырғызстан елдерінен 250-ден астам маман қатысып отыр, деп жазады Egemen.kz. 

Халық • 12 Сәуір, 2024

Күшіміз – бірлікте! Алматылықтар да аянып жатқан жоқ

Алматылықтар батыс өңірлердегі тасқын судың астын­да қалған ағайынға алыстан тілекші болып, қарап отыр­май өткен аптада бірінші кезекте кәдеге жарайды деген 10 тоннадан аса алғашқы гуманитарлық көмегін аттандырған-ды. 7 сәуір күні Алматы қаласы әкімі аппаратының құтқару қызметінің жұмыл­дыруымен Атырау облысына гуманитарлық көмектің кезекті легін жіберді.

Қоғам • 11 Сәуір, 2024

Kusto Group су тасқынынан зардап шеккендерге 400 млн теңге бөлді

Еліміздегі су тасқыны салдарынан ауыр жағдайға түскен азаматтарға көмек көрсету мақсатында Kusto Group 400 млн теңге бөлгені туралы мәлімдеді. Зардап шеккен аймақтарға қаражат KustoHelp жеке қоры арқылы бөлінеді.

Денсаулық • 09 Сәуір, 2024

Трансмайлардың табиғи майлардан айырмашылығы мен зияны неде?

Өз халқының денсаулығын ойлаған мемлекеттер трансмайлардан құтыла алмай отырғанда, елімізде оның үлесін 10 есеге көбейту туралы ұсыныс әлі де толық шешімін таппай келеді. Айналып келгенде, азық-түлік өнімдеріндегі трансмайларды шектеу мәселесі өзектілігін жоймақ түгілі, жыры бітпей тұр деуге болады. Өйткені, азық-түлік өнімдерін әзірлеуде оның құны арзанға түсетіндіктен, мүдделі тараптар оның рұқсат етілген мөлшерін он есеге көтеруді тағы да қозғап отыр. Сондықтан еліміздегі жетекші нутрициологтардың бірі, Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті, профессор Юрий Синявскийді сұхбатқа шақырдық.