Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2486 материал табылды

Қоғам • 06 Мамыр, 2023

Әлеуметтік желідегі бейне-мазмұнның үстемдігі

Елімізде «Интернет жарнама және онлайн платформа туралы» заң жобасы әзірленіп жатқаны белгілі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, заңнамада онлайн платформа иелерімен тығыз жұмыс істеу, қолданушылардың жауапкершілігін күшейту, интерфейстерді қазақшалау мәселелері қарастырылмақшы. Осы орайда ендігі тіршілігімізді әлеуметтік желілерден бөліп қарай алмайтынымыз әбден белгілі болғандықтан, отандық блог саласындағы трендтер мен қызықты зерттеулерге назар аударғанды жөн көрдік.

Экономика • 05 Мамыр, 2023

Импортқа да, экспортқа да мүдделіміз

Кеше ғана жаһанды уысында ұстаған коронавирус пандемиясы төрткүл дүние жоспарын түбегейлі өзгерістерге ұшыратқанын көрдік. Бұл індеттен әсіресе, туризм саласы мейлінше зардап шеккені даусыз. Ендігі жерде осынау орасан шығынның орнын толтыру үшін туризмді табыс көзіне айналдырып келген барлық елдер нақты әрекеттерге көшіп, жұмыстарын жандандырды. Жуырда Хунань провинциясының іскерлері мен Алматы кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды.

Медицина • 04 Мамыр, 2023

Медицинадағы елеулі оқиға

Қазіргі медицинадағы озық тех­но­логиялар бұрын мүмкін бол­­маған талай дертті жеңіп, сыр­­қат жандардың өмірін ұзар­­­тып, қалыпты өмірімен қауыш­­­ты­рып жатқаны сөзсіз. Мы­салы, ел медицинасындағы елеу­­лі оқи­ғалардың қатарына Алматы­дағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да жүрек­тің қолқа қақпақшасына биоло­гия­лық протез салынғанын қосуға болады.

Денсаулық • 03 Мамыр, 2023

Жүрекке түскен салмақ, ғашықтық МРТ-дан да байқалады

Мақаламыздың тақырыбы романтикаға тұнып тұрғанымен, өте өзекті мәселенің бірін қозғауға мәжбүрміз. Бүгінде жүрек-қан тамырлары аурулары жастарды да жағалап жүргенін, тепсе темір үзетін жастағы азаматтарымыздың өмірі кенеттен үзіліп жатқанын көріп жүрміз.

Қоғам • 03 Мамыр, 2023

Кәдеге асқан пластик бұйымдар

Тұрмыстық қалдықтардан қашып құтыла алмасақ та, оны азайтудың жолдарын қарастыру күн өткен сайын көкейкесті сипатқа айналып келеді. Әсіресе ешқашан шірімейтін, өздігінен топыраққа сіңіп кетпейтін пластиктерді екінші рет кәдеге жаратпаса, онда ертең адамзат баласы жүретін жер таппай қалуы да ғажап емес. Сондықтан трансұлттық компаниялар осынау өзекті мәселеге араласуға мүдделі болып отыр.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2023

Алматыда «қоқыстан» жасалған бұйымдардың көрмесі өтуде

Алматыда «қоқыстан» жасалған бұйымдардың көрмесі өтуде, деп жазады Egemen.kz.

Медицина • 26 Сәуір, 2023

Алматыда ТМД-да тұңғыш рет жүректің қолқа қақпақшасына протез салынды

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кеше ТМД аумағындағы тұңғыш рет жүректің қолқа қақпақшасына биологиялық протез салды. Осы инновациялық ота арқылы Сауд Арабиясынан келген профессор Мұхамед Саллах Алрешхидан жаңа биологиялық протезді импланттау шеберлік дәрісін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 25 Сәуір, 2023

Дәрі-дәрмектің саясатқа не қатысы бар?

ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы кіндік Азиядағы субөңірлік сая­си диалогын жүргізу үшін Қазақстанды таңдауының өзіндік алғы-шарттары бар. Біз бұған дейін де халықаралық құзырлы ұйым биылғы қазан 73-ші сессиясын өткізу үшін Астана қаласына келе­тін­ін, амандық болса оған жүздеген мемлекеттің өкіл­дері қатысатынын жазған едік.

Ауыл • 23 Сәуір, 2023

«Дипломмен – ауылға!» жобасына қатысушылар Отбасы банктен есепшот ашуға асыққаны жөн

Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес Отбасы банк биыл 1 сәуірден бастап «Дипломмен – ауылға!» жобасының сенімді агенті болып тағайындалғаны белгілі. Аталған жобаны жалғастыруда таңдау неге Отбасы банкке түсті десек, шынында да, оның тұрғынжайды несиелеуде бай тәжірибесі бар екендігін және осы жүйені үздіксіз жетілдіріп отырғанын жоққа шығара алмаймыз.

Қоғам • 22 Сәуір, 2023

«Фаст-фуд па, салат па?». Студенттер немен тамақтанып жүр?

Осы аптада «Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ мен Алматы менеджмент университеті (AlmaU) Алматының 18 жоғары оқу орындары арасында студенттердің қалай тамақтанатыны жөнінде жүргізілген зерттеудің нәтижелерін жариялады.