
Саясат • 21 Қазан, 2022
Қандай сайлау болса да ел тағдыры айқындалатын маңызды істің айналасында ұйысып, ұлттың мүддесіне дауыс беру баршамызға үлкен жауапкершілік жүктейді.
Өнер • 19 Қазан, 2022
Саусағыңның ұшымен түртсең, тіріліп кетердей туындыларды тамашалағанда қылқалам құдіреті шексіз, Құдайдың адам баласына берген талантында шек жоқ екендігін түйсіне түсесің. Ендеше, бейнелеу өнеріндегі қайталанбас дарындар денедегі дертті қуып, өмірге құштарлық сыйлай алатынына сеніңіз.
Қазақстан • 17 Қазан, 2022
Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы тойланады
2023 жылы Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойы өтеді. Осыған орай Мысыр мен Қазақстан бұл іс-шараны лайықты атап өтуге әзірлік жасап жатыр. Жақында Қазақстанның Мысырдағы елшілігінен сүйіншілеген хабар, нақты іс-жоспарлар легі туралы ақпарат жетті.
Қоғам • 14 Қазан, 2022
«Ұят» деген ұғымға қатысты ұлттық ұстаным халықаралық стандарттарға сай келе ме деген мәселе төңірегінде бас қатырып жүргенімізге біраз уақыт болған екен. Әлемді уысында ұстаған коронавирус індетіне дейін елімізде «Қыз тағдыры» дейтін жақсы жоба болды. Сол бастаманы қолға алуға түрткі болған, қайта-қайта қоғамды дүрліктіріп, туған баласын әжетханаға, қоқыс жәшігіне тастаған, күре жолда қалдырған оқиғалардың белең алуы, балиғат жасына толмай жатып жүкті болған әрбір мың жасөспірімнің орта есеппен 36 баланың нәрестелі болуы еді. Соларды адам жанын түршіктіретін қылмысқа баруына итермелейтін елдің «ұят болады» дейтін сөзі.
Медицина • 12 Қазан, 2022
Педиатрия қызметіндегі оң нәтиже
Бүгінгі таңда Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығын жарық дүниеге ажалмен алыса келген дертті сәбилердің өмірін ұзартып отырған республикалық педиатриялық қызметтің басты үйлестірушісі, науқас балаларға қатысты медицинадағы тағдыршешті қадамдар жасалатын орын деп те айтуға болады.
Әлем • 12 Қазан, 2022
Мысырда Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойы өтеді
Алдағы 2023 жылы Египет пен Қазақстан Мысырда Мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл туралы Egemen.kz сайтына Қазақстан Республикасының Кайрде орналасқан елшілігі хабарлады.
Қоғам • 11 Қазан, 2022
Ботаник болуды армандайтын балалар
Табиғат пен өсімдіктер әлемін кітаптан оқыған бір бөлек. Дегенмен айналамыздағы ғажайып жаратылысты өз көзіңмен көріп, сезінгенге не жетсін?! Бірақ бүгінгі баланың екі көзі табиғатта емес, қолындағы гаджеттерде болғандықтан, өскелең ұрпаққа мектептен бастап ғылымды дәріптеу, зерделі балаларды әу бастан танып, бағалап, бағыттап отыру өзекті іске айналды.
Медицина • 10 Қазан, 2022
Астаналық жедел жәрдем қызметінің фельдшері Нұрдәулет Мекенбайға Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мамандары «хондросаркома» деген диагноз қойған болатын. Осы аралықта отандық онкологтер 23 жастағы науқасты алдын ала ерекше операция жасауға дайындады.
Медицина • 09 Қазан, 2022
Қарап отырсақ, аты алғашқыда аса қорқынышты болып естілмейтін кеселдер бар. Өкінішке қарай, жүре келе, яки аяқастынан ажал құштыратын да осы жасырын дерттер. Мәселен, обыр мен ЖИТС, немесе түрлі апаттарға қарағанда, жүре келе қанның ұюынан өмірімен қоштасатын адамдар көп. Нақты деректерге сүйенсек, тромбоэмболияның 25%-ы қайғы әкеледі. «Тромбоэмболия» деп отырғанымыз – аурудың аты емес, түбі инфаркт, инсульт сияқты ажал құштыратын қауіпті кеселдерді шақыратын ағзадағы ауытқу, қан тамырындағы кінәрат. Қан неліктен ұйиды?
Экономика • 04 Қазан, 2022
Доссор, Мақат – даңқты мұнайшылар мекені «Ембімұнайгаз» АҚ ғасырлық қызметінің қорытындысын шығарды
Тарихы сонау 1899 жылы Қарашүңгілден бастап, Доссор және Мақат кен орындарын игеру үшін 1922 жылы трест ретінде құрылған «Ембімұнайгаз» АҚ 100 жылдық жолын жүріп өтті. Бүкіл қазақ мұнай өндірісінің дамуына серпін берген байырғы компания еліміздің батыс өңірінде ғасырлық тойын лайықты түрде атап өтіп, ғұмырын өндіріске арнаған ардагерлеріне құрмет көрсеткені кеше ғана десек те, бұл – ел мұнайшылары үшін маңызды оқиға Алматы қаласында жалғасын тапты.