
Бизнес • 15 Наурыз, 2022
Кәсіпкерлердің өтінімдері түгел қаралды
Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин кезекті баспасөз жиынын өткізіп, қаңтар оқиғалары кезінде Алматыда шығынға батқан шағын және орта бизнес өкілдерінен түскен, қолдағы бар барлық өтінімдер 100%-ға қаралғаны туралы мәлімдеді.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2022
Онкология кафедрасына С.Нұғмановтың есімі берілді
Талай адамның өмірін ұзартып, дертіне шипа болған отандық онкологиялық қызметтің бастауында тамаша тұлғалардың болғанын тарих біледі. Олардың атын дәріптеп, ұмытпау баршамызға парыз. Дәрігерлердің дәрігері атанған Сәкен Нұғмановтың есімін есте қалдыру мәселесі сонау 80-жылдардан бері көтеріліп келе жатыр.
Аймақтар • 14 Наурыз, 2022
«Алматыкітап баспасы» тағы бір тың жобаны көпшілікке таныстырдырды
Бүгінгі таңда елімізде 200 мыңнан аса оқушы жүйелі түрде электронды кітаптар арқылы білім алады. Бұл жөнінде TopIQ.kz. тұғырнамасының тұсау кесерінде айтылды.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2022
Онкология саласының негізін қалаған Сәкен Нұғмановтың есімі жаңғырды
Бүгін С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті әйгілі дәрігерлер мен оқытушылардың есімдерін есте қалдыру дәстүрін жалғастырды. Осылайша Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтындағы ҚазҰМУ онкология кафедрасына отандық онкологиялық қызметтің негізін қалаған Сәкен Нұғмановтың есімі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2022
Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлердің өтінімдері түгел қаралды
Қаңтар оқиғалары кезінде Алматыда шығынға батқан шағын және орта бизнес өкілдерінен түскен барлық өтінімдер 100% қамтылды және қаралды, деді Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.
Бизнес • 10 Наурыз, 2022
755 кәсіпкердің өтініші мақұлданды
Қаңтар оқиғасының салдарынан елдегі шағын және орта бизнес өкілдері миллиардтаған шығынға ұшырады. Оның ішінде Алматыдағы жағдай белгілі, 1 413 кәсіпкер зардап шегіп, шығындары 34,3 млрд теңгеден асып түсті. Содан бері Үкімет алдында ел экономикасын тұрақтандыру міндеті күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе, Алматыдағы жағдайдың күрделі болғанына қарамастан, қазірдің өзінде өтініштердің жартысы қаралып, 10 наурызға дейін ШОБ өтінімдерінің 90%-ын қанағаттандыру жоспарланып отыр.
Қоғам • 10 Наурыз, 2022
Жыл сайын елімізде салмағы бар болғаны 500-ден бастап 2 500 грамм аралығында 20 мыңға жуық нәресте дүниеге келеді. Өкінішке қарай, шала туған шараналарға балалардың церебральды сал ауруы диагнозы жиірек қойылады. Бірақ баланың осы кеселмен туылғаны 1,5 жастан бастап біліне бастайды.
Қоғам • 10 Наурыз, 2022
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев көпбалалы аналармен кездесіп, мұң-мұқтажы, ұсыныс, тілектерін тыңдады. Кездесуге көпбалалы аналармен бірге қоғам белсенділері, халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты.
Бизнес • 10 Наурыз, 2022
1,26 млрд теңге көлемінде қолдауға ие болды
Халықаралық әйелдер мерекесі аясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ әйелдер кәсіпкерлігіне қатысты негізгі сандарды екшеледі. «Даму» қорының шағын және орта бизнеске көрсеткен қолдауының 46%-ы – әйелдер кәсіпкерлігінің еншісінде.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2022
БҰҰ даму бағдарламасы Іле-Балқашын қалпына келтіруге көмектеседі
Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Іле-Балқаш экожүйелерін қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен (ҚР ЭГТРМ) бірлескен жобаны қолға алғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.