
Медицина • 23 Қыркүйек, 2022
Қазақстанда онкологиялық аурулар өлім-жітімі 5 пайызға төмендеді
Екі күннен бері Алматы қаласында «Онкологияның өзекті мәселелері мен заманауи мектептері туралы» халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференциясы өтіп жатыр. Осы жиында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің бөлім басшысы Гүлнар Мақсұтова 2018 жылдан бері онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші 5 пайызға төмендеді деп мәлімдеді.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2022
Темекімен күрес: Қазақстан халықаралық тәжірибеден не түйсінді?
Дәл осы күндері отандық дәрігерлеріміздің бірі, «Адам денсаулығы үшін қауіп факторларының зиянын азайту жөніндегі ұлттық қауымдастық – Денсаулық» ЗТБ төрағасының орынбасары Гинтаутас Кентра Афины қаласында (Греция) өтіп жатқан «Темекінің зиянын азайту: жаңа өнімдер, зерттеулер мен қағидалары» атты 5-ші ғылыми саммитте баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Қыркүйек, 2022
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Студенттер қатарына қабылдау» кешін өткізіп, жастар қалашығын керемет көңіл күйге бөледі. Биылғы салтанатына соны жетістіктермен келген университет QS WUR әлемдік рейтингінде 150-орынға көтерілгенін айта кеткен ләзім. Оған қоса жақында Үкімет қаулысымен ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді.
Медицина • 21 Қыркүйек, 2022
Алматылық хирургтер күрделі операция жасады
Күн сайын мегаполистің мыңдаған тұрғыны дәрігерлердің қолынан дерттеріне шипа тауып, кеселінен айығып, қуана үйлеріне оралып жатады. Дегенмен Алматы сияқты шаһардың ақ желеңді мамандарының өздері де мақтан тұтатын оқиғалар бар.
Білім • 20 Қыркүйек, 2022
ҚазҰУ әлемдік рейтингте 150-орынға көтерілді
Биыл да жоғары білімнің байырғы қарашаңырағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Студенттер қатарына қабылдау» кешін өткізіп, ҚазҰУ қалашығын керемет күйге бөледі. Дегенмен университет биылғы салтанатына соны жетістіктермен келіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2022
Тығырықтан шығар жол таппай...
Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуға болады десек те, дүниенің төрт бұрышында әр қырық секунд сайын бір пенде бақидан пәниге аттануға әрекет жасап, соның көбі трагедиямен аяқталып жатады. Өкінішке қарай, бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеген ресми дерек. Осылайша, жер бетінде күнделікті өз-өзіне қол жұмсайтындардың саны шамамен 2 200-ге жетіп жығылады, бұл бір тәулікте болуы ықтимал 15 ұшақ апатына тең.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2022
Мегаполисті дамытуға – 6 трлн теңге
Алматы қалалық мәслихатының XXV сессиясында «Алматы қаласын 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары» бағдарламасы бекітілген болатын.
Медицина • 19 Қыркүйек, 2022
Хирург балақанның тұсауын кесті
Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері дертті болып өмірге келген Ерсайынға асқазан-ішек жолдарының туабітті кінәраты – трахеоөңештік жыланкөз деген диагноз қояды. Мұндай кеселмен туған нәресте тамақ іше алмайды. Сондықтан сәби екінші күні перзентханадан балалар хирургиясы ауруханасына ауыстырылған.
Мультимедиа • 18 Қыркүйек, 2022
Медициналық сақтандыру тәртібі қандай?
Биылғы қыркүйек айынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтитындар үшін медициналық сақтандырудың тәртібі өзгергенінен ел құлағдар. Ендігі жерде МӘМС-ке өздігінше ақша салып отырғандар төлемдерін алдағы бір жылға сақтандыра алатыны да айтылды. Яғни заңға енген өзгерістерге сәйкес бұдан былай сақтандыру жүйесіне қосылу үшін алдағы 12 айға жарна төлеуге болады.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2022
Қоғамдық кеңестің жұмысы ауқымды
Мемлекетті айтпағанның өзінде Алматы сияқты ірі шаһарлардың шешімін таппаған мәселелері қай кезде де жеткілікті. Ал қала басшыларының жағдайды толық бақылап, бәрін көріп-біліп отыруға уақыты да, аяғы да жете бермейді. Қоғамдық кеңес сондықтан да керек. Олардың ішінде өз саласындағы жағдайды жақсы білетіндер, нақты мәселе көтеріп, оның шешілуіне ықпал ете алатындары, азулы айтқыштары да баршылық.