
Аймақтар • 23 Қараша, 2021
Алматыда тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жиын өтті
Алматыда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Алып – анадан туады» атты тағылымды жиын өтті. Ел егемендігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға ҚР Генералдар кеңесінің мүшелері қатысып, оқу орнының білім алушыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қараша, 2021
ҚызПУ-да жастардың шығармашылық орталығы ашылды
Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қабырғасында «Көркем» Арт-орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған білім ордасының баспасөз орталығына сілтеме жасап.
Медицина • 18 Қараша, 2021
Дауасыз дерттің анықталғанына – 40 жыл
Биыл еліміздегі Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні 15 қарашада Алматыда «АИТВ: әрқайсысын тыңда» науқанымен басталып, 15-25 қараша аралығында жер жерлерде осы ұранмен өтеді. Қарап отырсақ, ЖИТС деген дауасыз дерттің анықталып, алғашқы оқиғалары тіркелгеніне де қырық жыл өте шығыпты, бірақ АИТВ әлі де жаһандық індет болып қала береді.
Аймақтар • 16 Қараша, 2021
Тұмау жұқтырғандар күрт көбейді
Әдетте күн суығанда шаһар халқының бір бөлігі күрк-күрк жөтелетін кезеңі болады. Алайда бір аптада ғана Алматы дәрігерлері 10 316 жағдайды тіркеді. Бір апта ішінде Алматыда 10 мыңнан астам адамға ЖРВИ диагнозы қойылғаны туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеп отыр.
Коронавирус • 15 Қараша, 2021
Алматылық балалар Pfizer екпесін алды
Алматы емханаларында 12 қарашадан бастап Pfizer вакцинасы салына бастағанынан ел хабардар болып отыр. Алайда мегаполисте әзірге жеткілікті ұжымдық иммунитет қалыптаспаған. Сондықтан 22 қарашада мегаполисте ревакциналау басталады.
Аймақтар • 12 Қараша, 2021
Екпе алған миллионыншы алматылық
Қазіргі таңда Алматы қаласында коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны миллионға жетіп жығылса, миллионыншы болып екпе алған азамат – №22 қалалық емханаға тіркелген 29 жастағы Самал Оқапова. Ол БЦС сырқатына шалдықса да, денсаулығы үшін екпе салдырған.
Медицина • 12 Қараша, 2021
Телемедицина: Артықшылығы мен кемшілігі
Жаһандық індет кезінде қашықтан дәрігерлік кеңес берудің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай болды? Әлемдік медицинаны абдыратқан коронавирус денсаулықты сақтауға қатысты көзқарастар мен ұстанымдарды өзгертіп жатқанымен санаспауға болмайды. Бұл мәселеде сарапшылар да қарап жатқан емес, талдаулар мен зерттеулер легінде кемшін жоқ.
Медицина • 10 Қараша, 2021
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұлттық сапа стандарттарына сәйкестігін дәлелдеді
Еліміздегі Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығының сынынан сәтті өтіп, Ұлттық аккредиттеудің жоғары санатына ие болды. Аккредиттеу орталығы Қазақстандағы медициналық ұйымдарды аккредиттеуді іске асыратын жалғыз ұйым.
Бизнес • 05 Қараша, 2021
Қай кезде де шаруасы шаш етектен болып жүретін шағын және орта бизнес өкілдеріне уақыт үнемдеу маңызды. Енді кепілдік беру шартына қол қою рәсімі де онлайн жүзеге асырылатын болды.
Медицина • 03 Қараша, 2021
Жастарда аутоиммунды кеселдер көбейіп тұр
Аурудың ауыр-жеңілі жоқ десек те, кез келген кеселді асқынбай тұрып анықтап, ем-домын дер кезінде жүргізбесе, соңы жақсылыққа апармайтыны аян. Алайда нақты бір себептерден кейбір дерттің өршитін кезеңдері болмақ. Мәселен, қазіргі таңда мамандар ағзадағы бірнеше жүйенің бір-бірімен байланыста дамитын аутоиммунды аурулардың көбейіп келе жатқанын және оны ғылыми тұрғыда дендеп зерттеу қажеттігін алға тартып отыр.