
Коронавирус • 30 Шілде, 2021
Індеттен жазылғандарға вакцина қажет пе?
Қазіргі таңда күн тәртібінде күйіп тұрған басты мәселе – халықтың денсаулығын сақтап, індет шеңгелінен шығу. Осы ретте Алматыда өткен кезекті брифингте Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман вакцина алмаған азаматтар мен антиваксерлердің жағдайын жүзіп келе жатқан кемеге қауіп төндіретін айсбергпен салыстырды.
Коронавирус • 29 Шілде, 2021
«Қызыл» мәртебемен қыдырып жүргендер көп
Қанша жерден айтылса да, Алматының сауда орындары індет жұқтыруда көш бастап тұр. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин эпидемиялық ахуалды зерттеу нәтижелерін ортаға салған кезде тізім басында сауда орындары тұрғанын атады. Мегаполисте «жедел жәрдемдердің» зыр қаққан зарлаған үні қайта көбейсе де, той-томалақты тығып өткізіп, айласын асырғандай болып жүрген жұрттың қарасы бар.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Алматы ауруханаларына бір күнде індетпен 516 науқас қабылданды
Алматы қалалық денсаулық сақтау жүйесі пандемияның жаңа толқынына қаншалықты дайын?
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Тұтынушылардан тауар мен қызметтердің сапасына мыңға жуық шағым түсті
Алматы қалалық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 2021 жылдың 6 айында 986 өтініш түсті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Департамент басшысының міндетін атқарушы Сәуле Махатова хабарлады.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Алматыда жарты күнде 100 шақты қоғамдық көлікте бетперде режимі тексерілді
Алматыда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру аяқталғанға дейін тегін вакцина арқылы карантиндік шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Алматыда кімдер ПТР-тестілеуден тегін өте алады?
Бұл сұраққа бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жауап берді. Ол тегін ПТР тестілеуден жүкті әйелдердің, науқаспен байланыста болғандардың және клиникалық белгілері бар тұлғалардың тегін өтулері қарастырылғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 28 Шілде, 2021
Гастроэнтеролог: Бауыр циррозында дұрыс тамақтану аса маңызды
Қарап отырсақ, ДСҰ мәліметтері бойынша, шамамен 350 миллион адам вирустық гепатиттің қандай да бір түрінен зардап шегеді екен. Бауыр аурулары шамамен бір жарым миллион адамның өмірін қияды – ВИЧ-инфекциясынан, малярия мен туберкулезден де жоғары көрсеткіш. Инфекция жұқтырғандардың шамамен 80 пайызы өздерінің қауіпті вирусты тасымалдап жүргендерін білмейді. Сондықтан бауыр аурулары туралы хабардар болу бүгінгі күні аса маңызды болып отыр. 28 шілде – Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Екпе алмағандардың 98%-ы жансақтау бөліміне түсіп жатыр
Бүгінде Алматының инфекциялық стационарларында 3943 адам емделіп жатыр. Реанимацияда жатқандардың 98%-ы вакциналанбаған. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында №5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Гүлзат Байзахова алматылықтарға вакцинаны кейінге қалдырмауға шақырды.
Туризм • 28 Шілде, 2021
Алматы туризмі сервис, қауіпсіздік, озық технологиялар мен инвестицияға тәуелді
Екінші жылға ұласқан жаһандық пандемия жұртты түгел тұсаулап отыра алмақ емес. Індет туризм саласының дамуын тежеп тұрса да, ебін тапқан жиһанкездер таза ауа, тау, жаңа әсерлер іздеп әлемнің әр түкпірінде жүр.
Коронавирус • 27 Шілде, 2021
Алматыда індеттің жаңа штамын жұқтырғандардың жағдайы алты сағат ішінде нашарлауда
Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халықты тағы да вакциналауға шақырды. Ол жүктеменің дәрігерлерге, әсіресе алғашқы медициналық көмекке едәуір артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.