Аймақтар • 22 Қаңтар, 2024
Жапония мемлекетінің «Шөп тамыры» жобасының шарапатын көрген отандық медициналық нысандар аз емес. Қайтарымсыз грантты еліміздің әр қиырындағы ауруханалар жылдар бойы алып жүр. Жоба аясындағы әріптестік Жамбыл жерінде де жалғасын тапты.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2024
Жаңарған техника паркі: Тозығы жеткен трактор да жоқ емес
Бірнеше жыл бойы асыраушы саланың басты мәселесі тозған техникадан құтылу болғаны жасырын емес. Шыны керек, қайбір жылдары егістік алқаптарға көз жүгірткенде, тозығы жеткен техникалардан көз сүрінетін. Қазіргі кезде өңірлердегі ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары да осы бір өзекті мәселені шешу үшін қолдан келгенше жұмыс атқарып жатыр.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2023
Бет қаратпайтын аңызақ жел, үскірік аяз. Жолда қалған жолаушылар қорғансыздың күйін кешіп тұр. Жол бойы тоқтаған ондаған көлік ішіндегі жұрттың көңіл күйі жоқ. Боранды күні жолға шыққаны үшін өздерін жазғыратын секілді...
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2023
Зағип жандардың көзі көрмесе де, көкірегі ояу екеніне шүбә жоқ. Олар да айналаны танығысы, танымын арттырғысы келеді. Жамбыл облысында көзі көрмейтін немесе нашар көретін 5 173 тұрғын бар. Оның 1 612-сі облыс орталығында ғұмыр кешіп жатса, қалғаны аудандарда қоныстанған.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2023
Жамбыл облысы әкімдiгiнiң қолдауымен облыстық Полиция департаментіне жаңа 47 көлік берілді. Салтанатты іс-шараға oблыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, полиция қызметкерлеріне жаңа қызметтік көліктердің кілтін табыстады.
Аймақтар • 30 Қараша, 2023
Нобель сыйлығының лауреатымен кездесті
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ Бас хатшысының климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі Рае Квонг Чунгпен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, «Қазфосфат» ЖШС-ның қызметкерлері, факультет декандары, ғылыми қызметкерлер және журналистер қатысты.
Аймақтар • 29 Қараша, 2023
Шу өнерпаздарына шағын автобус бұйырды
Ұлттық өнер мен бабадан мирас болып қалған мұраны насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Мәдениет – асыл қазынам» атты аудандардың мәдениет күндері мәресіне жетті. Бірнеше ай бойы әр ауданға барып, мәдени іс-шараның басы-қасында болған комиссия мүшелері ақырғы шешімді шығарып, үздік деп танылған аудандар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аймақтар • 28 Қараша, 2023
Өңірде цифрландыру жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес іске асырылып жатыр. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс бойынша мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құруға бірнеше жыл бұрын басымдық берілген болатын. Нәтижесінде, республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығымен меморондум жасалып, іс-шара жоспары бекітілді. Сол жоспар аясында облыста бірқатар ауқымды жұмыс қолға алынды. Оның дені уақтылы аяқталды.
Аймақтар • 28 Қараша, 2023
Тараз қаласында тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бойынша оңтайлы ипотекалық бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі кезде мемлекеттік қордан тұрғын үй кезегінде тұрған I, II топтағы мүгедектігі барлар, көпбалалы отбасы, мүге- дектігі бар бала асыраушы отбасы, кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатында тұрған азаматтарға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 460 пәтерге 4 млрд теңге бөлінген.
Аймақтар • 16 Қараша, 2023
Мойынқұм ауданының аумағында орналасқан «Анабай» газ кешені пайдалануға берілді. Су жаңа кен орнын «QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз еткен. Тиісінше газ ұңғымаларын консервациялау бойынша жұмыстар атқарылған.