Қоғам • 04 Мамыр, 2024

Әулиеатадағы кітап фестивалі

45 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойы аясында «ART & SCIENCE: Білімге құштарлық» Jambyl Book Fest кітап фес­ти­валі ұйымдастырылды. «Көне Тараз» тарихи-этно­мәде­ни­ кешеніндегі «Көркемсурет» галереясында өткен іс-шараға «Алқа», «Ziyat», «Сардар», «Таймас», «Атамұра» баста­ған өзге де баспалар мен есімі елге таныс авторлар, кітап дүкендерінің иелері қатысып, өнімдерін жұртшылыққа ұсынды.

Әулиеатадағы кітап фестивалі

Облыстық мәдениет, ар­хивтер және құжат­та­ма басқар­ма­сы­на­­ қарасты Шоқан Уәли­ханов атын­­дағы облыстық ғы­лыми-әмбе­бап кі­тап­­ханасы ұйым­дас­тыр­ған­ іс-шара барысында жаңадан жа­рық­ көрген бірқатар кітап­тың авто­­р­ы мен баспагерлер кітапқұмар оқыр­­манмен кездесулер өткізіп, пікір алмасты.

«Фестиваль аясында өткізілген жәр­меңкенің оқырман үшін пай­­да­сы мол. Біз бірінше кезекте көркем әде­­биет пен ғылыми таным­дық әде­­биетті дәріптеуге ден қой­дық. Қалам­­герлердің жазған дүние­сін жұрт ішінде насихаттауға басымдық бер­дік.

Негізгі аудиторияның жас­тар болғаны белгілі. Сондықтан олар­дың бойында кітап оқуға қы­зы­­ғушылықты арттырсақ деген ниет болды. Әсіресе жастардың ғы­­лым мен ғылыми кітаптарға де­­ген ұстанымымен таныссақ де­­ген ниеттің үдесінен шыққан се­­кіл­діміз», дейді Ш.Уәлиханов атын­­дағы кітапхана директоры Эльмира Аб­ди­нова.

пр

Жаназық жәрмеңкесі аясында бірнеше іс-шара ұйым­дас­ты­рыл­ды. Жыл ішінде ең көп кітап оқы­­ған азаматтар арнайы сыйлықтармен марапатталса, «Кітапханалар және ритейл»: тәжірибе алмасу» алаңына қатыс­қан ма­мандар баспа мен кітап дүкен­де­рінің жұмысы, маркетингтік кон­­тент­тің сапасын көтеру туралы ой­ла­ры­мен бөлісті.

Фестиваль-жәрмеңкенің екін­ші кезеңінде өзге елден келген мәр­те­белі меймандар мен белгілі ақын-жазу­шылармен кездесулер өткізілді. Іс-ша­раға белгілі жазушы Жүсіпбек Қор­ғасбек, Жазушылар одағы бас­қар­ма төрағасының орын­басары Бей­біт Сары­бай, ақын Маржан Ершу бас­та­­ған өзге де қа­лам­герлер қатыс­ты.

Жәрмеңке аясында Қанат Тілеу­ханның аз уақыт бұрын жарық көрген, қазіргі кезде оқыр­ман тарапынан қызу тал­қы­­ланып жатқан «Шатырдағы әйел» кітабының таныстырылым рәсімі өтті. Сондай-ақ өзге де­ бірқатар қаламгердің, жер­гі­лік­ті авторлардың кітап­та­ры­ның тұсаукесер рәсімі ұйым­дас­тырыл­ды.

«Жәрмеңкеде жұртшылықтың зор ынтамен кітап алып жатқаны қуантты. Келушілердің арасында кітап­құмарлар да, кітапқа аса қызық­пай­тындар да бар шы­ғар. Бастысы, кез келген үйге кі­тап барса, оқырман табылады. Мұндай іс-шаралар рухани құнды­лық­тары­мыз­ға соны серпін беретіні анық. Дүкен бір жерден сауда жасаса, жәр­меңке деген көш­пелі ғой. Осы көш­тің басы ауыл­дарға да бұрылса жөн болар еді», дейді жазушы Жүсіп­бек Қор­ғасбек.

 

Тараз 

Соңғы жаңалықтар

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • Бүгін, 08:50

Жол құрылысы жандана түсті

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Қазақ неге аштыққа ұшырады?

Тарих • Бүгін, 08:35

Әлкей әлемі

Тағзым • Бүгін, 08:25