Фото: istockphoto.com
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов пен Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының Басшысы Джон Лимен кездесуі барысында айтылды.
Жоспарға сәйкес, 2027 жылдың бірінші тоқсанынан бастап Cathay Pacific әуе компаниясы Алматы мен Гонконг арасындағы тікелей рейстерді іске қосуды көздеп отыр. Рейстер Airbus A330-300 кең фюзеляжды ұшақтарымен аптасына үш рет орындалады.
Айта кетейік, Cathay Pacific – Гонконгтың флагмандық әуе компаниясы. Ол Гонконг халықаралық әуежайында базаланып, әлемнің 200-ден астам бағытына жолаушылар және жүк тасымалын орындайды.
31 шілдеден бастап Алматыдан Измирге тікелей рейстер ашылады
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Гонконг Әкімшілігінің Басшысы Джон Лимен кездесті. Осыдан соң Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Гонконг әкімшілігінің басшысымен келіссөздер өткізді. Келіссөздер аясында Қазақстан Гонконгқа құны 100 млрд доллардан асатын жобаларды ұсынды.