
Референдум 2024 • 05 Қазан, 2024
ОРК: Үгіт-насихат жұмысы аяқталды
Кеше АЭС салу жөніндегі республикалық референдум өткізуге дайындық аясында Орталық референдум комиссиясының отырысы өтті.
Үкімет • 04 Қазан, 2024
Сенаторлар Жоғарғы сот судьясының кандидатурасын қолдады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында Мемлекет басшысы ұсынған Жоғарғы сот судьясын сайлады және биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялады.
Үкімет • 27 Қыркүйек, 2024
Комиссиялардың жұмысы тексерілді
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қарағанды облысы мен Астана қаласының 6 қазан күнгі республикалық референдумға дайындық барысын тексерді. Ол алдымен Қарағанды облысында кеңес өткізіп, сайлау учаскелерінде болды.
Басылым • 19 Қыркүйек, 2024
Басқа басылымдардан: Германия Канцлері – Қазақстанда
Қазір Германия Қазақстанның маңызды сауда және инвестициялық серіктесі болып отыр. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2024 жылдың алғашқы 7 айында 13 пайызға өсіп, 2,3 млрд долларды құраған. Германиядан Қазақстанға салынған тікелей инвестиция көлемі өткен жылы 64 пайызға өсіп, 770 млн долларға жетті.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2024
Атом электр стансасының қандай артықшылығы бар? Елдегі ауыл-аймақтарды газдандыру мәселесі қалай жүріп жатыр? «Amanat» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында осы мәселелер талқыланды.
Референдум • 18 Қыркүйек, 2024
Орталық референдум комиссиясы елімізде АЭС салуға қатысты республикалық референдумға дайындық барысын талқылады. Комиссияның екінші отырысында мүгедектігі бар адамдардың дауыс беру тәртібі, өңірлердің дайындығы, дауыс беруге арналған бюллетеньдерді әзірлеу, дауыс беру тәртібі мен референдумға халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу мәселесі талқыланды.
Қазақстан • 06 Шілде, 2024
Бүгінде Астана жаһанға бейбітшілік алаңы, меймандос қала ретінде танылды. Бұған қоса шаһар әлемнің бірінші көшбасшылары жиналатын, мемлекетаралық мүдделерді тоғыстырған, геосаяси тұрақсыздықты реттеуге шақыратын бітімгершілік миссиясын да абыройлы атқарып отыр. Елорда өз беделін батыл қадамдардың арқасында қалыптастыра білді.
Басылым • 28 Маусым, 2024
Әлемнің беделді басылымдары: Дәстүр жалғасады
Интернет желісі дамығалы әлемде классикалық медиа кенжелеп қалды ма? Телевизия көрерменін, радио тыңдарманын, баспасөз оқырманын азайтып алды ма? Бұл – цифрлық медиажүйе дамығалы жиі қойылатын сұрақтар. Бір нәрсе анық. Әлемдегі классикалық журналистика жұмысын тоқтатқан жоқ. Есесіне жаңа технологияның мүмкіндігімен қайтадан жаңғырып, бәсекеге түсіп, «классикалық» деген ұғымға сай қызмет атқарып келеді. Болашақта да атқара бермек. Өйткені классика – мәңгілік, қазіргі сөзбен айтсақ ешқашан «трендтен» түспейді.
Маман • 25 Маусым, 2024
HR институты: Маманды басқарудың жаңа әдісі
Президент тапсырмасына сәйкес мемлекеттік жүйеде стратегиялық басқару, ұйымдық мәдениет, адамға бағдарланған құндылықтар бірінші орында болуы керек. Осыған орай отандық сарапшылар шетелдік әріптестерімен жыл сайын осы саладағы жетістіктерімен бөлісіп, тәжірибе алмасады. Биыл да Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мамандар адам ресурстарын дамытудағы оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді талқылады.
Саясат • 20 Маусым, 2024
Сыртқы саясаттың елеулі жетістігі
Сарапшылардың пікірінше, бүгінде Қазақстан жаңашыл сыртқы саясаты арқылы халықаралық қатынастардың озық үлгісін көрсетіп келеді. Әсіресе кейінгі жылдары БҰҰ-ның сессияларында экология, адам құқығы секілді мәселелерді қамтитын ел бастамаларын аталған ұйым бірден қолдады. Ал көршілес жатқан алпауыт мемлекеттердің ығына жығылмай, өз ұстанымына беріктігін көрсете отырып байланысын нығайтуы тіпті АҚШ-ты мойындатты.