Taza.kz
Гүлнар ЖОЛЖАН
Гүлнар ЖОЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
693 материал табылды

Саясат • Кеше

Халықаралық шарт пен келісім мақұлданды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында депутаттар бірқатар заңды құжатты мақұлдады. Атап айтқанда, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шарт пен еліміздің Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды.

Қоғам • 15 Сәуір, 2026

Кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы

Интернет алаяқтардың айласы әшкере болған сайын олар астыртын схемаларды ойлап тауып жатыр. Мәселен, қазір алаяқтар тыйым салынған қаржы пирамидаларының жұмысын Тұтыну кооперативтері арқылы жүргізіп, азаматтардың миллиондаған ақшасын жымқырып, сан соқтырып отыр. Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, кейінгі екі жылда қаржы пирамидаларынан 3 мыңнан аса адам зардап шеккен.

Әлем • 14 Сәуір, 2026

Германия ядролық энергетикаға орала ма?

Германияның экономика және энергетика министрі Катерина Райхе елдің ядролық энергетиканы тоқтату туралы шешімін қайта қарауға шақырды. Өйткені Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс газға тәуелділікті арттырып жіберді.

Саясат • 14 Сәуір, 2026

Парламентаралық әріптестікті нығайтуға мүдделі

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Франция Республикасы Сенатының Сыртқы істер, қорғаныс және қарулы күштер жөніндегі комиссиясы делегациясының басшысы Валери Буайемен кездесті. Олар ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылап, парламентаралық өзара іс-қимылдың келешегі мен жаңа бірлескен жобалардың басым бағыттарына тоқталды.

Құқық • 11 Сәуір, 2026

Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»

Үкімет жаңа Конституцияны түсіндіру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Енді Ата заң мәтіні кеңінен таратылып, ақпараттық-түсіндіру жұмысы басталмақ. Өйткені жаңа заңға Халық кеңесі, Вице-президент институты, Миранда қағидасы секілді әлемдік тәжірибедегі ұғымдар енгізілді. Осылардың ішіндегі Миранда қағидасы дегеніміз не? Халықаралық стандарт неліктен Ата заңға енгізілді?

Президент • 11 Сәуір, 2026

Қасым-Жомарт Тоқаев: Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында осы саладағы елеулі жетістігі мен жоғары білімді дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік марапат табыстады. Алқалы жиында Президент әр елдің ғылыми әлеуеті оның абырой-беделі мен күш-қуатының өлшемі екеніне кеңінен тоқталды.

Қазақстан • 07 Сәуір, 2026

Біздің ту танымал

Reddit платформасында ұйымдастырылған «Flags of the World» (Әлем тулары) атты ауқымды онлайн-турнирінде еліміздің көк байрағы бірінші орынды иеленді. Бұл жеңіс – мемлекеттік рәмізіміздің эстетикалық тартымдылығы мен мазмұндық тереңдігінің халықаралық деңгейде мойындалуы.

Сенат • 07 Сәуір, 2026

Ауыл шаруашылығын цифрлық бақылауға алу қажет

Сенатта өткен парламенттік тыңдауда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылығын цифрлық трансформациялау жайы талқыланды. Сондай-ақ депутаттар, сарапшылар мен Үкімет бірлесіп атқаратын алдағы жұмыстың маңызды міндеттері айқындалды.

Саясат • 03 Сәуір, 2026

Қазақстан мен Перу арасындағы келісім заңмен бекітілді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында депутаттар Перу Республикасымен бірқатар келісімді мақұлдады. Атап айтқанда, Қазақстан мен Перу арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек пен халықаралық шарттарға орай, енді сотталған адамдар экстрадицияланып, жазаларын азаматтығы бар елде өтей алады.

Саясат • 01 Сәуір, 2026

Инклюзивтік қоғам қағидаты

Қазір өңірлерде инклюзивті спорт инфрақұрылымдары жеткіліксіз. Бұған қоса бейімді спорт саласында білікті кадрлар тапшы, қажетті бірыңғай тәсілдер мен жұмыс әдістемелері жоқ. Кеше Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің кезекті отырысында депутаттар осы мәселені көтерді. Олар салалық ұйымдардың сарапшыларымен бірлесіп, мүгедектігі бар балалар мен ересектерді оңалту жолында инклюзивті спортты дамытудың маңызын талқылады.

Яндекс.Метрика