Гүлнар ЖОЛЖАН
Гүлнар ЖОЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
558 материал табылды

Қоғам • 25 Шілде, 2025

Құқық тетіктерін күшейту маңызды

Дәрігер қауіпсіздігі мемлекеттік саясатта басымдыққа ие болу керек. Өңірлерде жүрген сенаторлар медицина қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасағандар жауапқа тартылатынын түсіндіріп, заң мен тәртіптің сақталуын қадағалау керектігін айтты.

Жоба • 25 Шілде, 2025

Үнді мұхитына жол ашылмақ

Қазір Орталық Азия елдері Ауғанстан, Пәкістан және Парсы шығанағындағы елдермен байланысты нығайтуға ден қойып отыр. Соның ішінде Қазақстанның Ауғанстан арқылы Үнді мұхитына шықпақ ниеті бар. Алайда 1979 жылдан бері азаматтық қақтығыстан көз ашпаған бұл мемлекеттің логистикалық әлеуеті ауқымды жоба бастауға дайын ба?

Қоғам • 24 Шілде, 2025

Жұртшылық өтініші назардан тыс қалмайды

Астана қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және әрекет ету орталығы үзіліссіз жұмыс істеуі керек. Өйткені түрлі мәселемен қоңырау шалатындардың қарасы көп. Депутаттардың айтуынша, бұл алдымен елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Саясат • 23 Шілде, 2025

Халық төтенше жағдайлардан зардап шекпеуі керек

Әлем қазір жаһандық жылыну, климаттың өзгеруі секілді мәселелермен күресіп жатыр. Өңірлерді аралап жүрген сенаторлар осы күрделі жағдайды да назардан тыс қалдырмады. Олар елдегі таулы аймақтағы мұздық көлдер мен гидротехникалық құрылыстың жай-күйін бақылап келді.

Бюджет • 19 Шілде, 2025

Мемлекет қаржысы халық игілігіне жұмсалуы керек

Әрбір мемлекеттік бағдарламаның сұрауы бар. Сондықтан қазына қаржысына салынатын нысандар уақытында аяқталып, халыққа қызмет көрсетуі керек. Өңірлерді аралап жүрген Сенат депутаттары жергілікті атқарушы билікке осыған мұқият болуды тапсырды.

Қоғам • 18 Шілде, 2025

Төрт ағайындының тағдыры

Екінші дүниежүзілік соғыстың отты жылдарында ағайын­ды Үрімбаевтар да майдан даласына аттанды. Алайда Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына қарасты Бөрте (бұрынғы Студенческий) ауылынан шыққан жауынгерлер – Езін, Қаден, Қазыржан, Жәкен туған жеріне төрт көзі түгел оралмады.

Өндіріс • 18 Шілде, 2025

Балық өнеркәсібін дамыту қажет

Балық өнеркәсібі қазір кенжелеп тұр. Атырау секілді балықты өңірлерде бұл шаруашылықты жандандыру өте маңызды. Өңірлерді аралап жүрген сенаторлар осы мәселеге зер салды.

Сенат • 17 Шілде, 2025

Әлеуметтік нысандар жағдайымен танысты

Сенаторлар өңірлердің күзгі-қысқы кезеңге және жаңа оқу жылына дайындығымен танысты. Сондай-ақ балалардың жазғы лагерьдегі жағдайын көрді.

Аймақтар • 16 Шілде, 2025

Ауыл тұрғындарын барынша қолдау қажет

Ауылда жұмыс орындарын көптеп ашқан жөн. Өңір халқымен кездесіп, әлеуметтік нысандарды аралап жүрген сенаторлар осылай деді.

Заң • 16 Шілде, 2025

Киберқылмысты жүгендей аламыз ба?

Қазір интернеттегі алаяқтардан зардап шеккен жұрттың қарасы қалың. Кейінгі 5 жылда мұндай құқықбұзушылық әрекеттердің саны 1,5 есеге өскен. Әсіресе өзге біреудің жеке мәліметтерін пайдалана отырып несие алу фактілерінің көбейгеніне депутаттар алаңдаушылық білдірді. Өйткені алаяқтық әрекеттер құрбандарының несие тарихы бұзылып, олар кінәсіздігін дәлелдеу үшін сотқа жүгініп әлек.