Гүлнар ЖОЛЖАН
Гүлнар ЖОЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
558 материал табылды

Музей • 10 Қыркүйек, 2025

Заманауи өнер музейінің таныстырылымы

Кеше Алматыда кәсіпкер, меценат, коллекционер Нұрлан Смағұлов негізін қалаған «Almaty Museum of Arts» заманауи өнер музейі ашылды. Музейдің ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, музейдің негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов, сондай-ақ өнер саласы және БАҚ өкілдері қатысты.

ЖОЛДАУ • 10 Қыркүйек, 2025

Бір палаталы Парламент: маңызы мен тиімділігі

Биылғы Жолдауда Президент бір палаталы Парла­мент құру жөнінде ұсыныс айтты. Негізі елімізде парламенттік реформа мәселесінің талқыланып келе жатқанына 20 жылдан аса уақыт өтті. Бірқатар әлем елдері мұның тиімділігін ескеріп, әлде­­қашан аталған жүйеге көшіп алды. Inter-Parliamentary Union (Ха­лықаралық Парламенттік одақ) мәліметіне қарасақ, мемле­кет­тердің басым бөлігі бір палаталы Парламентпен әділдік құрып отыр.

Пікір • 06 Қыркүйек, 2025

Біз қайда асығамыз?

Қазір отандастарымыз шетелдерге көп шығады. Білім іздеп шығады, қыз­метке орналасады, маусымдық жұмыс­қа кетеді, өзге елде демалуды қалайды. Бай­­қағанымыздай Еуропа, Шығыс Азия жақтың халқы кербез, ешқайда асық­пайды. Мұны Таиланд, Вьетнам, Малай­зия секілді елдерге демалысқа барып келген жұрттан да естіп жүрміз. Біздегідей үнемі бір жаққа асығып, үлгермей, қо­ғамдық көлікке бір-бірін соғып мініп жат­қан адам сирек. Сонда оларда шаруа жоқ па, әлде біз тым «еңбекқормыз» ба?

Үкімет • 05 Қыркүйек, 2025

Инвесторларды қорғауға қатысты заң мақұлданды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның жаңа сессиядағы алғашқы отырысы өтті. Сенаторлар Жоғарғы сот судьясын қызметінен босату туралы мәселені қарап, бірқатар заңды мақұлдады. Сондай-ақ депутаттар сауалдарын жолдады.

Басылым • 05 Қыркүйек, 2025

Басқа басылымдардан: Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы жоғары деңгейде дамып келеді

Қазақстан Пре­зи­дентінің айтуынша, ҚХР-ға ресми сапары табысты өткен. «Жал­пы, Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қаты­нас өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Біз ынты­мақтастықтың екінші «Алтын 30 жылдығына» қадам бастық», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әлем • 05 Қыркүйек, 2025

Италия жастары: провинцияны қалай еңсерді?

Қазір Үкімет ірі қалаларға ағылған жастарды ауыл-аймаққа тар­ту үшін «Дипломмен – ауылға!» секілді бірқатар бағдарлама әзір­леп, жағдай туғызуға тырысып жатыр. Ұлттық экономика ми­нистр­лігінің мәліметіне сүйенсек, ауылдық жерлерге жіберілетін маман­дарға 2025 жылы 25 млрд теңге бюджеттік кредит беріледі. Бұл ша­мамен 2,8 мың маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Бағ­дарлама 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Алайда өңір­лерде әлі маман тапшы. Осы орайда бұл мәселемен бетпе-бет келіп, түйінін шешкен Италияның қолға алған шараларынан үйренуге болады.

Саясат • 28 Тамыз, 2025

Қазақстан-Иордания: Сенім мен ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

Ақордада Мемлекет басшысы елімізге ресми сапармен келген Иордания Королін қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен ІІ Абдалла бен әл-Хусейн бір-біріне делегация мүшелерін таныстырған соң, Құрмет қарауылының бас­тығы рапорт беріп, екі елдің мемле­кет­тік ән­ұран­дары шырқалды. Салтанат­ты рәсімнен кейін келіссөз өтті.

Саясат • 26 Тамыз, 2025

Жапония Орталық Азиямен диалогті жандандыра түспек

Орталық Азия мен Жапония осыдан жиырма жыл бұрын басталған диалогті одан әрі дамытуға ниетті. Күншығыс елі – аймақтың маңызды инвесторы ғана емес, сонымен қатар технология генераторы болып келді, ал қазір сенімді стратегиялық әріптесі. Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу елімізге алғашқы ресми сапармен келген Жапония Сыртқы істер министрі Такеши Иваямен келіссөз жүргізіп, бірқатар келісім жасасты.

Заң мен Тәртіп • 26 Тамыз, 2025

Әйел құқығының қоғамдық салмағы

Биыл – Конституциямыздың, Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығы. Осы орайда Ата заңымыздың әйелдер мен ерлердің құқықтарын қамтамасыз етудегі рөлі, гендерлік теңдікті орнатудағы елдің 30 жылдағы нәтижесі, сондай-ақ Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының және БҰҰ ҚК 1325 қарарын іске асыру перспективаларын сарапшылар Халықаралық конференцияда талқылады.

Аймақтар • 21 Тамыз, 2025

Әлеуметтік жағдайға алаңдайды

Сенаторлар Серік Шайдаров пен Советбек Медебаев Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды. Жезқазғанда олар теміржол вокзалын қайта жаңғырту жобасымен танысты.