Саясат • Бүгін, 08:07

Жаңа Конституция отбасы институтын нығайтады

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сенатта Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Басқосуда палата төрағасы Мәулен Әшімбаев әріптестерін құттықтап, оларға еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан жасампаз үлесі мен жоғары кәсіби біліктілігі үшін берілген мемлекеттік наградаларды тапсырды.

Жаңа Конституция отбасы институтын нығайтады

М.Әшімбаев әйелдердің мемлекеттілікті нығайту мен елдің дамуына қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол қазіргі кезде әйелдердің рөлі отбасымен ғана шектелмейтінін, олар елдегі қоғамдық-саяси үдерістердің маңызды қозғаушы күшіне айналғанын айтты. Сенат төрағасы мұндай өзгерістер Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен жүйелі қолдаудың нақты нәтижесі екенін де жеткізді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен кейінгі жылдарда елімізде ауқымды жаңғыртулар жүзеге асырылып келеді. Сол өзгерістердің дәйекті жалғасы ретінде конституциялық реформа қолға алынды. Бұл шешім еліміз үшін тарихи қадам болды. Конституциялық реформаның стратегиялық мақсаты – Әділетті, демократиялық, әлеуметтік, инновациялық және прогрессивті Қазақстан құру. Осы ретте отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды қорғап, дәріптеуге, аға буынға қамқорлық көрсетуге бағытталған жаңа конституциялық нормалардың маңызы айрықша зор. Жаңа Конституция жобасы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, олардың қоғамдық, кәсіби, саяси өмірге белсенді қатысуына жол ашу, сондай-ақ өз әлеуетін жан-жақты жүзеге асыруына жағдай жасау тұрғысынан да ерекше мәнге ие», деді М.Әшімбаев.

Сонымен қатар ол мереке қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечинаға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілгенін, ал сенатор Айнұр Арғынбекова «Құрмет» орденімен марапатталғанын атап өтті.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін сенатор Әсем Рахметова мен Сенат аппаратының бөлім меңгерушісі Айгүл Биболова да «Құрмет» орденімен наградталды. Сондай-ақ аппарат қызметкері Елена Бердникович, Баян Олжабаева, Гүлсім Искакова мен Перизат Сапарбековаға «Ерен еңбегі үшін» медалі табыс етілді.

М.Әшімбаев марапат иелерін құттықтай келе, мемлекеттік наградалар еліміздің дамуына әйелдердің қосқан айрықша үлесінің жарқын көрінісі екенін атап өтті. Ол депутаттардың кәсіби біліктілігі мен Сенат аппараты қызметкерлерінің жүйелі әрі жауапты жұмысының нәтижесінде палатаның қызметі тұрақты әрі тиімді жүргізіліп отырғанын айтты. Палата төрағасы әріптестеріне өз ісіне адалдықтың озық үлгісін көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, бақ-береке, жаңа жеңістер мен жетістіктер тіледі. 

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50