Оқиға • Бүгін, 19:00

Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылғы 18 наурызда Дубай қаласының бірінші инстанция соты Қазақстан азаматы Е. Алмаханды бірнеше ауыр қылмыс бойынша кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті және айыппұл төлеуге үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді

Қазіргі уақытта сотталған азамат апелляциялық шағым түсірген, сондықтан үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, Қазақстанның елшілігі Біріккен Араб Әмірліктері құзырлы органдарына ресми сұрау жолдап, жауап күтуде.

Жалған құжаттар пайдаланған: Жетісу облысында алаяқ 5 жылға сотталды

Сондай-ақ Дубай қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығы қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Бұл мәселе министрліктің ерекше бақылауында.

Соңғы жаңалықтар