Қоғам • Бүгін, 17:57

Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда Германияда өндірілген HiPP балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталғаны туралы БАҚ-та жарияланған мәліметтерге байланысты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ресми түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді

Фото: Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Комитеттің хабарлауынша, аталған бұзушылық туралы ақпарат Еуропалық одақтың құзыретті органдары мен ДДСҰ-ның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық органдар желісі (INFOSAN) арқылы түспеген. Сонымен қатар өнім Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеу тізілімінде жоқ, сондықтан оны Қазақстан аумағында және ЕАЭО-ның басқа елдерінде сатуға рұқсат етілмейді. 

Комитеттің аумақтық бөлімшелері елдегі сауда орындарында өнімді анықтау үшін мониторинг жүргізді, нәтижесінде өнім сатылымда табылмаған.

Тағы да астан улану ма?

Азаматтардан егер өнім сатылымда анықталса, жедел шара қабылдау үшін Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне хабарласуы сұралып отыр.

Аустрияда балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталды

Соңғы жаңалықтар