Батырхан СӘРСЕНХАН
Батырхан СӘРСЕНХАН«Egemen Qazaqstan»
109 материал табылды

Зерде • 28 Ақпан, 2024

Фараби әлемі

Әл-Фараби... Даңқ дабылы заманалар қойнауына жеткен бірегей есім. Сом тұлға. Әйгілі Гегель: «Әл-Фараби Аристотельдің «Метафизикасын» қырық рет, «Риторикасын» екі жүз рет, «Жан туралы» атты кітабын жүз рет оқыған екен. Неткен таңғаларлық еңбек!» деп бас шайқаған. Ал белгілі ағылшын музыка зерттеушісі Фармер: «Барлық ғылымдар саласында Әл-Фараби – «Екінші ұстаз», ал музыкада бір өзі ғана бас король» деп пікір айтқан-тын.

Қоғам • 21 Ақпан, 2024

Аңыз ақын

Фирдоуси, Сағди, Низами, Науаилармен қатар тұратын түрікмен әдебиетінің классигі Мақтымқұлы Пырағы есімі қазақ баласына ертеден таныс. «Биік таулар, биікпін деп шіренбе, Сен де құлап, жермен-жексен боларсың» деген даналық иесінің дабылы заманалар көшімен жаңғырып келеді.

Әдебиет • 20 Ақпан, 2024

Ақырғы сөз ақиқаты

«Өмір мен өлім арасы – бір-ақ қадам». Бала күнде «Ата-анам да өле ме? Олар өлсе, мен не істеймін?» деп қай­ғырып жас төккенім есімде. Тағы бірде Құдай деп елес­теткен адамымыздың құлап жатқанын көріп, мұң­ға батыппыз. Жалған дүниенің жалқы ақи­қаты өлім десек, ұлы адам­дардың ажал алдын­дағы ақырғы сөзі қалай бол­мақ? Не толқытты, не сезінді?

Кино • 14 Ақпан, 2024

Айнымаған Алдар

Асан қайғы, Қорқыт ата, Қожанасыр, Алдар көсе образы қазақ танымымен біте қайнасқан. Түгін тартса майы шыққан салқар дала топырағынан өн­ген­ қайбір аңыз да ұлттық кодымызды тірілтіп, рухымызды қоздатады. Ал қа­зақ­­тың Робин Гуды, Дон Кихоты секілді қара халықтың сойылын соғып, әді­­лет­сіздікке қарсы айла еткен Алдар көсе бейнесі жүрегімізге жақын, кө­ңі­­лі­мізге орныққан.

Сұхбат • 11 Ақпан, 2024

Әлібек Асқаров, жазушы: «Терең білім – кітапта!»

Әлібек Асқаров прозасы – оралымды тілімен, біраз уақыт санаңды санға бөлер қою атмосферасымен таныс. Жазушының біз байқаған өз болмысы – көңілдегіні көзден ұғар қырағы, кең. Жақында қаламгермен арнайы әңгімелескен едік.

Поэзия • 08 Ақпан, 2024

Жұмбақ ғаламшар

Жаңа ашылған кіші ғаламшардың біріне 1983 жылы Есенин есімі берілгені айқын. Ақын ғаламшары – жан құбылысының жарықшақтарына толы тылсым дүние. Онда елеусіз саналған көзге көрінбес, қолға ұсталмас киелі ұғымдар жұлдызды тонын жамылған. Алуан түстер айдыны түпкі мәнге жалғасып, түнеу бір күнгі тұмандай уызданып, қаймақтанып тұрады. Ендеше, Мұқағали атты жұмбақ ғаламшардың бірнеше шұңғыл бедеріне сапар шегелік.

Әдебиет • 22 Қаңтар, 2024

Арылу

Толстой болмысы – әрдайым ілгері жылжып отыратын ағын судай күрделі құбылыс. Данышпан өмірінің соңын суреттеген Ромен Роллан: «Соғыс аяқталды. Ол 82 жылға созылды және Толстойдың өмірі оның ұрыс алаңы болды» деп түйеді.

Мәдениет • 17 Қаңтар, 2024

Домбыраға қол соқпа

Тұс киіз ілінген аядай бөлме төрінде домбыра тұратын. Үнсіздікке оранған жұмбақ бұйым біздерге ертегі ішіндегі көңілсіз кейіпкердей елес беретін. Қиянда адасқан жолаушыдай мұңлы, кең дүниенің кетігін іздеп аласұрған жастай күңіренгіш. Сөзі аз, сезімі көп.

Руханият • 15 Қаңтар, 2024

Қонаев тағылымы

Көзі тірісінде-ақ ерен еңбегі еленіп, халық көсеміне айналған Дінмұхамед Қонаевтың орны бөлек. «Құдайдың сүйген құлы сол емес пе, Кемеңгер ұл Қонаев Дінмұхамед» деп ақындар жырға қосса, жұртшылықтың «Димекең», «Димаш аға» деп еркелетіп атауы сом тұлғаның ел жүрегінен елеулі орын алғанының айнымас айғағы.

Әдебиет • 15 Қаңтар, 2024

Парасат майталманы

Жазушы Гюстав Флоберден «Бовари ханым» кім?» деп сұрағанда «Бовари ханым – мен» деген-тін. Шын мәнінде, жазушы кім жайлы қалам тартса да, өзін жазады. Жан ойпатына түскен сан түрлі даму үрдісіндегі шашылған қиындыларды бейнелеп қа­ғазға құяды.