Қазақстан • 20 Мамыр, 2026
Дональд Трамп ұсынған: Қазақ қызы АҚШ-тың Словениядағы төтенше елшісі болды
АҚШ Сенаты қазақ қызы Асель Робертстің кандидатурасын Словениядағы АҚШ елшісі қызметіне бекітті. Оны дипломатиялық лауазымға биыл ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған болатын. Наурыз айында Робертс Сенаттың профильдік комитетіндегі тыңдаудан өтіп, кейін кандидатурасы жалпы дауыс беруге шығарылды. Дауыс беру нәтижесінде 46 сенатор қолдап, 43-і қарсы дауыс берген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Мамыр, 2026
Шымкентте балаларын үтікпен күйдірген анаға үкім шықты
Шымкентте өз балаларын азаптаған әйел сотталды. Сот шешімімен оған 5 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2026
Ақтөбеде шетелдік студенттерден ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Ақтөбе облысы полициясы шетелдік студенттерді қорқытып, ақша бопсалады деген күдікпен 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 19 Мамыр, 2026
Алматы әуежайын су басты: Министр түсініктеме берді
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметте өткен брифингте Алматы халықаралық әуежайы ғимаратының шатыры нөсер жауынға толық есептелмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Мамыр, 2026
Алматы облысындағы қанды оқиға: Марқұмның туыстары ауыр қылмысты қайта қарауды талап етті
Алматы облысы тұрғындары әлеуметтік желіде тараған ауыр қылмысқа қатысты әділ тергеу жүргізуді талап етіп отыр. Марқұм ер адамның туыстары күдіктіге тағылған бапты қайта қарауды сұраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 19 Мамыр, 2026
ҰБТ жүйесі қашан және қалай өзгереді?
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжіліс кулуарында ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесін кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын. Министрдің айтуынша талапкерлердің тек пәндік білімін ғана емес, сыни ойлау, коммуникация және цифрлық сауаттылық секілді дағдыларын бағалайтын жаңа формат енгізілуі мүмкін. Осыған орай Egemen.kz тілшісі аталған министрлікке «ҰБТ жүйесіне өзгерістер қашаннан бастап енгізіледі, тест құрылымы сақтала ма әлде түбегейлі жаңара ма?» деген сауал жолдаған болатын.
Елорда • 19 Мамыр, 2026
Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов стадионы қашан ашылады?
Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның техникалық ашылуы 25 мамырға жоспарланды. Бұл туралы қалалық мәслихат хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2026
Енді көлік нөмірін мұраға қалдыруға рұқсат етіледі
2026 жылғы 25 мамырдан бастап Қазақстанда автокөлікті тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізіледі. Жаңа талаптарға сәйкес, пайдаланылған мемлекеттік нөмірлерді иесінің туыстарына немесе мұрагерлеріне беруге мүмкіндік туады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2026
Бұған дейін екі рет сотталған: Шымкентте әйелді аяусыз өлтірген ер адам жазадан құтылып кетті
Шымкент қаласында 40 жастағы әйелді аса қатыгездікпен өлтірген ер адам түрмеден босатылып, мәжбүрлі емдеуге жіберілетін болды. Сот оның шизофрения дертіне шалдыққанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 19 Мамыр, 2026
Биыл Құрбан айт мерекесі ерекше форматта тойланбақ: Бас мүфти маңызды мәлімдеме жасады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордада өткен баспасөз мәслихатында ел тұрғындарын Құрбан айт мерекесін ұлттық дәстүрге сай атап өтуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.