
Білім • 04 Ақпан, 2022
Еуразия университеті көш бастап тұр
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық жоғары оқу орындарының жаңа рейтингін жариялады. Мұндай зерттеу осымен төртінші жыл қатарынан Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен ұйымдастырылып келеді. Биылғы рейтинг қорытындылары туралы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Ғылым • 02 Ақпан, 2022
Ғылымға бет бұрғандар қатары көбейіп келеді
Кейінгі жылдары мемлекет тарапынан жас ғалымдарға қолдау шаралары қарқынды қолға алынды. Бұған жас зерттеушілердің жобаларына арналған бөлек грант пен жыл сайын «Жас ғалым» жобасы аясында шетелдік ғылыми ұйымдарда тағылымдамадан өтуге берілген мүмкіндік дәлел бола алады. Соның нәтижесінде Қазақстанда кейінгі 2 жылда жас ғалымдардың саны көбейген.
Ғылым • 01 Ақпан, 2022
Отандық жас ғалымдар күріш қауызынан кремний диоксидін алды. Кремний диоксиді шыны, керамика, бетон жабдықтары, тіс пастасы, косметика өндірісінде қолданылады. Қазақстандық зерттеушілердің енді бір тобы энергия үнемдегіш шамның жаңа нұсқасын ойлап тапты. Ғылымды серік еткен жандар жаңа өнімін өндіріске шығаруды да бастап кеткен.
Білім • 28 Қаңтар, 2022
Білім сапасын көтеру жайы пысықталды
2022 жылы қазақстандықтардың сапалы білім алуға қолжетімділігі артады. Бұған жаңадан 200 мектеп салу арқылы оқушылар орнының көбеюі ықпал етеді. Балабақшалар тексеруден өтеді. Мектептерде математика пәні топтарға бөліп оқытылады. Колледждерде кәсіпорындармен бірлесіп білім беру жүйесі күшейтіледі. «Болашақ» бағдарламасы қайта қарастырылады. 2 мыңнан астам ғалымға алған гранттарына қарамастан тұрақты жалақы төленеді. Осы және өзге де өзгерістер туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында айтылды.
Білім • 26 Қаңтар, 2022
Бізге қандай техникалық университет керек?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында отандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды тапсырды. Осыған орай 2025 жылға дейін Қазақстанда шетелдік 5 беделді университеттің филиалы ашылмақ. Бұл қандай университеттің филиалы болмақ? Яғни қай жағынан үздік, қандай бағытта беделді деген мәселе қоғамды толғандыратыны анық.
Білім • 19 Қаңтар, 2022
Әр бала ұстаздан тәлім алуға лайықты
Жыл сайын жоғары оқу орындарынан мыңдаған педагог диплом алып шығады. Алайда ел өңірлерінде әлі күнге дейін маман тапшы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында мұғалім жетіспейтін өңірлердің мәселесін шешуді тапсырды. Түйткілдің түйінін тарқатудың тиімді тәсілі қандай?
Білім • 18 Қаңтар, 2022
Оқыту әртүрлі форматта ұйымдастырылады
Еліміздің әр өңіріндегі эпидемиялық ахуалға байланысты үшінші тоқсанда оқыту әртүрлі форматта басталады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында балалар қашықтан оқиды. Оларға қажетті техникалық құралдар таратылып жатыр. Ал студенттер аралас форматта білім алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрлігінің өкілдері хабарлады.
Білім • 13 Қаңтар, 2022
Қазір балалар демалыста. Қысқы каникул уақыты 10 қаңтардан 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Елдегі жағдайға байланысты интернет кей өңірлерде әртүрлі уақыт аралығында беріліп отыр. Оған қоса комендаттық уақыттан тыс кезде де балаларды мейлінше сыртқа шығармау ұсынылды. Сондай-ақ қаңтар айында оқушылар қашықтан оқытылмақ. Телефонға телмірген буын үйге сыймай жатыр. Осындайда қосымша білім сапасы әрі еске, әрі сынға түсетіндей.
Білім • 31 Желтоқсан, 2021
Білім және ғылым: Салада қандай өзгерістер бар?
Барлық саланың тірегі – білім мен ғылым. Өйткені кез келген мамандыққа кадр даярлайтын білім жүйесі болса, барлық саланың сапалық өнімділігі мен жалпы дамуын жіті зерттейтін – ғылым. Жыл соңында осы қос саладағы негізгі жаңалықтар мен енгізілген өзгерістерге тоқталдық.
Ғылым • 23 Желтоқсан, 2021
Оқушының қолын ұзартқан мұғалім
4-сыныпта оқитын Мирас бір қолындағы 4 саусағынан айырылған. «Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады» деген. Мирастың анасы бір жарыстан ұтып алған 3D принтерін ұлы оқитын Алматы облысы Жамбыл ауданынының Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебінің физика мұғаліміне беріпті. Осылайша қарапайым педагог, тура мағынасында, оқушының қолын ұзартты.