Ғылым • 13 Ақпан, 2026
«Бір қолымен бесікті тербеген» дейтін теңеу отбасымен қоса ғылымды игерген әйелдерге дөп келетіндей. Олар – кешегі қазақ қыздарынан шыққан танымал журналист, педагогика ғылымында орны бар тұлға Нәзипа Құлжанова, отандық медицина ғылымының қалыптасуына үлес қосқан алғашқы дәрігерлер Гүлсім Асфендиярова мен Аққағаз Досжанова, кәсіби білім алған музыкатанушы Гүлжауһар Шомбалова, тұңғыш әйел-палентолог Балдырған Қожамқұлова, құқық пен медицина ғылымына үлес қосқан тіс дәрігері Мүбина Ниязова, тұңғыш биолог Нәйлә Базанова. Бүгінде осындай көрнекті ғалымдардың ізін жалғаған зерттеушілер бар. Елімізде ғылыми дәрежеге ие 120 896 маман болса, соның 62 433-і, яғни 51,6 пайызы – әйелдер. Бұл сандар – соның дәлелі. Солардың бір парасын БҰҰ бекіткен, 11 ақпанда аталып өткен Ғылымдағы әйелдер мен қыздар күніне орай ұсынып отырмыз.
Білім • 10 Ақпан, 2026
Елімізде шамамен 7 млн бала (6 902 492 адам) бар, бұл жалпы халық санының 34%-ын құрайды. Кейінгі 10 жылда балалар саны 1,5 млн-ға артты. Қоғамның осы бір бөлігін қорғау, олардың болашағын қолдау мақсатында «Қазақстан балалары» атты тұжырымдама өткен айдың соңында бекітілді. Онда не қаралған, құжаттың негізгі бағыттары қандай? Бұл сұрақтарға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кеңінен айтылды.
Білім • 04 Ақпан, 2026
Отандық жоғары оқу орындарының білім беру географиясы кейінгі жылдары өз өрісін кеңейте бастады. Әдетте біз Қазақстанда ашылған шетелдік университеттердің филиалдары мен орталықтары туралы көп білеміз. Алайда еліміздің шекарасынан шығып, алыс-жақын шетелдерде де студенттер тартып, төл дипломмен маман даярлап отырған жоғары оқу орындары барынан бейхабармыз.
Білім • 29 Қаңтар, 2026
Жеке мектеп: бүгіні мен болашағы
Елімізде жеке мектептер саны кейінгі жылдары күрт көбейді. Бұған олардың мемлекеттен әр балаға қаржы алатыны түрткі болған-ды. Ақша жүрген жерде кілтипан қоса килігетіні бар ғой, бұл қолдаудан да шикілік шықты.
Білім • 29 Қаңтар, 2026
Талапкердің көбі қазақ тілін таңдаған
Жаңа жылдағы алғашқы ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) басталғанына да екі апта өтіп кетті. Осы аралықты қорытындыласақ, 90 мың адам тестілеуден өтіп үлгерді. Талапкерлердің басым бөлігі қазақ тілін таңдаған.
Білім • 24 Қаңтар, 2026
Жоғары білімге ЖИ-ді енгізу нені өзгертеді?
Отандық жоғары оқу орындарындағы бағдарламаның басым бөлігі жаңартылды. Бүгінде 95 университет жасанды интеллект бойынша пәндерді енгізді. Бұл студенттерге не береді? Ал Цифрландыру және жасанды интеллект жылын науқанға айналдырмай, нәтижелі өткізуге жоғары білімде нақты қандай жұмыс қолға алынып отыр? Осы және өзге де сұрақтар Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қаралды.
Білім • 23 Қаңтар, 2026
Балаларға ана тілін тегін үйретеді
Астаналық мұғалім Еуропа елдерінде тұратын қазақ балаларына ана тілінен тегін сабақ беріп жүр. Білім алушылардың жас шамасы әртүрлі. Соған қарамастан, ол бір пәнде тақырыпты жан-жақты қамтып, оқушыларды бірден елітіп әкететіндей қызықты етіп өткізеді. Педагог бұл ісін – ұстаздық парызым деп біледі.
Digital • 21 Қаңтар, 2026
Елімізде ресми түрде инженерия мен жоғары технологиялар саласындағы әлемдегі ең ірі кәсіби ұйым – Электртехника және электроника инженерлері институтының (IEEE) өңірлік бөлімшесі құрылды. Ғылым және жоғар білім министрлігі мәлімдегендей, бұл инженерлік және цифрлық инновацияларды дамытуға арналған жаңа платформа болмақ.
Білім • 16 Қаңтар, 2026
Мұғалімдердің білім сапасы қай деңгейде?
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Ел түзету ісін бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек» деген еді. Бала оқыту ісіндегі басты мәселе – маман мәселесі. Кез келген саланың дамуы сондағы қызмет ететіндердің кәсіби әлеуетіне тікелей тәуелді. Ендеше, білім саласындағы мамандардың біліктілік деңгейі қандай?
Ғылым • 13 Қаңтар, 2026
Ғылымды дамыту тұрақты әрі кешенді қолдауды қажет етеді. Біз бұған талай жылғы тарихтан анық көз жеткізгенбіз. Бұл ретте мемлекеттік мәртебесі қайтарылып, Президент жанынан құрылған Ұлттық ғылым академиясының рөлі де, жауапкершілігі де салмақты. Себебі осыған дейін бекітілген «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңға сай академия еліміздегі жоғары ғылыми ұйым саналады. Ал енді осы мәртебелі мекеме бүгінде экономиканың драйвері бола алатын маңызды саланы дамытуға, ондағы күрделі кедергілерді шешуге атсалысып отыр ма? Байыптап көрдік.