Taza.kz
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
975 материал табылды

Пікір • Бүгін, 13:45

Өзі оқымас – оқытпас

Қыркүйек айы. Баламның бала­бақ­шадағы тәрбиешісі Мұқағали Мақатаев­тың «Отан» атты өлеңінен екі шумақ жаттауға берді. Жарысқа қатыстырмақшы екен. Бұл үш жасқа енді ғана толатын балдырғанға сай келмейтінін айттым. Алайда тәрбиеші қиылып өтінген соң, көңілін қимай, бір аптадай жаттаттым. Бірақ өлең­дегі жиі қайталанатын сөздер мен ауыс­палы мағынадағы ойлар ауыр тиіп, қинал­ды. Сол себепті бір шумағымен шек­телдік.

Қоғам • 29 Сәуір, 2026

БАҚ елшілері еленді

Елордада «National Geographic Qazaqstan» журналының елшілері анықталды. Бұл 1888 жылдан бері тарихы бар басылымның елімізде жарық көре бастағанына 10 жыл толуына орай өткізіліп отыр. Жиынға оқушылар, студенттер, зерттеуші-ғалымдар, ғылымды насихаттаушылар, экологиялық ұйымдар мен мемлекеттік органдар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Ғылым • 11 Сәуір, 2026

Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн

Жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Дамыған елдерде бұл бағыт әлдеқашан жүйелі жолға қойылып, бірнеше жылдан бері үздіксіз дамып келеді. Біз де сол көштен қалмауға ұмтылып жатырмыз. Бұлай деуімізге атаулы жылды күтпей, пандемияға дейін іргесі қаланған шағын департаменттің бүгін толыққанды институтқа айналғаны дәлел. Бүгінде цифр­лы кеңістіктің қазақ тілінде «сөйлей» бастауы, деректермен жұмыс, жаңа технологияларды игеру – бәрі осы жерде жүзеге асып отыр. Ғылым күні қарсаңында осы бағыттағы жұмыстың нәтижесін көзбен көріп, ұйымның тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы сақа сарапшылардың салмақты ойын, арзу-тілегін тыңдап қайттық.

Ғылым • 11 Сәуір, 2026

Өндіріске серпін берген өнертабыстар

Қолданбалы ғылымда зерттеу мен өндіріс – құстың қос қанатындай. Бір қанаты әлсіресе, биіктеу бұйырмасы белгілі. Дәл осы өндіріске өту, өнім алу мәселесі бізде өзекті болып отыр. Мұны бұған дейінгі материалдарымызда бірнеше рет көтерген болатынбыз. Дегенмен қу шөппен ауыз сүртуге болмайды. Аз да болса, нарықта қолданысқа енгізіліп жатқан, халықтың тұрмысын жақсартуға жол салған ғылыми жобалар бар. Өзге де ғалымдарға үлгі болса деген ниетпен солардың бір парасына тоқталғанды жөн көрдік.

Ғылым • 07 Сәуір, 2026

Гранттық қаржыландыру: Сан сапаға қашан айналады?

«Ғылым комитеті 2025 жылы 29 қыркүйекте жарияланған 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсының 2025 жылдың 10 қарашасына дейін ұзартылғанын хабарлайды». Ғылымнан алыс оқырман осы хабарландырудан қандай да бір кілтипан көрмеуі кәдік. Ал жалақысы, жұмысының болу-болмауы грантқа тәуелді ғалымға алаңдатарлық-ақ ақпарат. Шын мәнінде мұндай конкурс сәуірдің 15-іне дейін жарияланып қоюы керек. Дәл осы жерден тұтас жүйе күрмеле бастайды.

Жасанды интеллект • 01 Сәуір, 2026

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Кез келген инновациялық өнімнің өміршеңдігі оның өндіріске өткенінен көрінеді. Жасанды интеллектіге айрықша мән берген осы күні отандық жоғары оқу орындарында ізденушілер көптеп жаңашыл жобаларды жасап жүр. Кейбірі қолданысқа енгізіліп те үлгерген. Соның бірқатарына тоқталып көрдік.

Білім • 31 Наурыз, 2026

97 талапкер тестілеуден шеттетілді

2 наурызда басталған Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) бүгінге дейін 117 мыңнан аса адам өтті. Талапкерлердің 71,6 %-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде, 28,3%-ы орыс тілінде, 111 адам ағылшын тілінде тапсырды.

Білім • 27 Наурыз, 2026

MIT-ке қабылданған оқушы

Осы күні таудай талабы бар жастар алынбайтын асудай көрінетін биіктерді бағындырып жүр. Соны көргенде кеудеңді қуаныш кернейді. Бойыңды мақтаныш сезімі билейді. Біз бүгін әлемнің маңдайалды оқу орны – Массачусетс технологиялық институтына (MIT) оқуға түскен озат оқушы туралы әңгімелемекпіз.

Жасанды интеллект • 14 Наурыз, 2026

Жасанды интеллектіні меңгеремін десеңіз...

«AI-Sana» бағдарламасының екінші кезеңіне 100 000 қатысушыны іріктеу кезеңі бас­талды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Ірік­теу­ден өткендер «Stanford», «MIT» секілді беделді университеттер, халықаралық бизнес-мектептер атынан қатысатын майталман мамандардың, сақа сарап­шыларының дәрісін тыңдайды, бастысы жасанды интеллект базалық меңгеру­ден­ технология­ларды тәжірибелік қолдануға дейін, жеке жобаларды әзірлеуге өтуді үйренеді.

Білім • 12 Наурыз, 2026

Наурыз айындағы тестілеу басталды

Елімізде наурыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өткен апта басталған еді. ҰБТ 6 сәуірге дейін жалғасады. 184 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Олардың 74,4%-ы – қазақ тілінде, 25,5%-ы – орыс тілінде, 216 адам ағыл­шын тілінде тестілеуден өтуге ниетті.

Яндекс.Метрика