Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
859 материал табылды

Сұхбат • 21 Ақпан, 2025

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ, академик, Қазақстанның Еңбек ері: Ірі істер кішкентай қадамнан басталады

Академик Асқар Жұмаділдаевты білмейтін қазақ кемде-кем шығар. Бірақ сол көбі математик я ғалым деп қана таниды. Ал оның еңбектерін, бұл жолдағы өмірінің кедір-бұдырын біле бермейді. Осы олқылықтың орнын толтыру әрі отандық ғылымға көзқарасын, саладағы түйткілге қатысты ұсынған тың шешімін білу мақсатында әңгімелескен едік.

Білім • 18 Ақпан, 2025

Мүмкіндіктер межеленген мәжіліс

Ғылым және жоғары бі­лім министрлігінің кеңей­тілген алқа отыры­сы өтті. Бұл іс-шараға Пар­ламент депутаттары, университет ректорлары, ғылыми зерттеу институттардың басшылары, министрлікке қа­расты ұйымдардың ж­е­текшілері, сарапшы­лар қатысты. Күн тәр­тібінде кадр даярлау, инновация, технология және өнеркәсіппен ын­тымақтастық мә­селе­лері қарасты­рыл­ды, өткен жылғы жетіс­тік­тер мен жаңа жылғы жос­парлар айтылды.

Мектеп • 12 Ақпан, 2025

Үш ауысымды мектеп: мәселе қашан шешіледі?

Елімізде үш ауысымда жұмыс істей­тін мектептер әлі де бар. Бұған апат­ты жағдайдағы білім ұяларын қосы­ңыз, бұлар жаңасы салынғанға дейін басқа жерге ауыса тұрса да орын тапшылығын тудырады. Соның себебі­нен бала саны тым көп ұйымдар тағы күшейтілген режімде оқытуы мүмкін.

Медицина • 11 Ақпан, 2025

«Қант диабеті» ұғымын қазақтілді ғылыми айналымға енгізген

Қазір кең қолданыстағы «қант диабеті» ұғымын білеміз. Бірақ оны қазақтілді ғылыми айналымға кімнің енгізгенін біле бермейміз. Бұл – есімі үлкен әріппен жазылатын, себебі жанына шипа іздеген талайдың алғысын алған эндокринолог, жоғары білікті дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Макош Ыбыраева.Ол – медициналық оқулықтардағы «ішкі аурулар» терминінің, эндокринология бойынша клиникалық лекциялардың авторы. Ал оның ғылымға келуі тіпті де қызық.

Ғылым • 11 Ақпан, 2025

Қос бағыттағы ізденіс

Генетика – біздің қоғам үшін әрі қызық, әрі жұмбақ әлем. Өйткені ғылымның бұл бағытында әлі де «ашылмаған аралдар» көп. Сол сырдың бірнешеуін ашуға күш салған жан отандық ғылымның екі бірдей, атап айтқанда, тұқымқуалау мен денсаулық бағыты бойынша дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеді. Шетелдерден қаншама ұсыныс түссе де, елде қалуды жөн көрген кейіпкеріміз – базасында бірнеше зертханасы, ғылыми орталығы, 150-дей қызметкері бар үлкен институтты басқаратын ең жас басшылардың бірі.

Ғылым • 11 Ақпан, 2025

Биологиядағы елеулі табыс

Әлемде кейінгі 20 жыл бойы зерттеліп келе жатса да, айтарлықтай нәтижесі болмаған бағытта жаңалық ашып, бүтін бір салада бетбұрыс жасаған ғалым біздің елде тұрады. Оның елеулі еңбегінен кейін алдағы уақытта қазір оқытылып жүрген дүниежүзіндегі биология оқулықтары қайта жазылуы бек мүмкін. Сондай-ақ қатерлі ісік, бүгінде әлі емі табылмаған паркинсон, альцгеймер секілді аурулардың алдын алар, шипа болар дәрілер жасалуы тіпті де ғажап емес.

Қоғам • 11 Ақпан, 2025

Алты Нобель лауреатынан хат алған қыз

10 жасар оқушы Асылжан Бақытжанқызы 6 бірдей Нобель лауреа­тынан хат алыпты. Таңғалдырған жайт туралы кейіпкерімізің әкесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, баласы 1-сыныпқа бармай тұрып «Ғалым болғым келеді» депті.

Пікір • 05 Ақпан, 2025

Қорқынышты қуаныш

Еліміздің солтүстік пен орталық өңір­лерінде аяздың себебінен сабақ бол­май­тынын біле қалса, оқушылар қос қо­лын көтеріп қуа­на­тынын көз көрді. Мұға­лім­дердің ішінде де (таныс педа­гог­тер­ден, әре­кетінен) ар­қа­ны кеңге сала­тын­дардың барын білеміз. Ата-аналар арасында да таңмен таласып, қар­­латып, борандатып баласын мектепке та­сығысы келмейтіндіктен, білім бас­қар­ма­­сынан «сабақ бүгін де болмайды» де­ген­ді­ ­күтіп отыратындар жетерлік.

Заң мен Тәртіп • 04 Ақпан, 2025

Заңға қандай өзгеріс керек?

Былтыр 1 шілдеде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданды. Құжатқа қол қойылғанға дейін жобаға ғалымдар тарапынан отандық ғылымды дамытуға, саладағы біраз кедергіні жоюға, ғылыми ұйымдардың жұмысын жетілдіруге байланысты өте көп ұсыныс айтылды. Алайда түрлі себеппен қосылмай қалды. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында заңға өзгерістер енгізілмек. Осыған орай өткен аптада Ұлттық ғылым академиясы ашық талқылау ұйымдастырды, пікірталасқа сол кездегі Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан АХМЕД-ЗАКИ (материал даярланып жатқан кезде ректорлық қызметке ауыс­ты – ред.), Мәжіліс депутаты Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ғалымдар қатысты. Отырыстағы орынды ойлар мен лайықты уәждердің жазбаша нұсқасын оқырмандарға ұсынамыз.

Білім • 30 Қаңтар, 2025

Инженер мамандарды даярлау түйткілі

Мемлекет басшысы былтырғы 12 сәуірдегі Ғылым және тех­­но­­­ло­гиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында ха­лық­­ара­лық стандарттар мен тәжірибені ескере отырып, инже­­нерлік кадр­ларды даярлаудың ұлттық моделін әзірлеуді тап­сырды. Тап­сыр­маны іске асырудың барысы қандай? Бұл туралы Орталық ком­му­ни­кациялар қызметінде өткен брифингте баяндалды.