Маман • 04 Қазан, 2025
Тұрғын үйдегі, түрлі нысандардағы құбырлардың маманы дегенде ойымызға бірден ер адам келетіні анық. Ал қыз баланың техникалық саланы игеріп, тіпті сол бағытта бірқатар белесті бағындырғанын білгенде кез келген кәсіпті меңгеруге ниет пен еңбек қана қажет-ау деген ойға келесіз.
Ұстаз • 04 Қазан, 2025
5 қазан. Ғалым да, шахтер де бас иетін кәсіп иелерінің мерекесі – бұл. Нақ осы кәсіптің киесі де, құрметі де сонда, ел басқарған бүгінгі тұлға да, көш бастаған кешегі көсем де, сан саланың тасын өрге домалатқан сақа маман да – бәрі сол әріп танытып, тәлім-тәрбие берген ұстаздың алдынан өтеді. Ақиқатында «Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі».
Білім • 02 Қазан, 2025
Мерекесі кезінде мұғалімдер жалақысыз жүр
Елімізде 8 мыңнан аса мектепте 4 миллион оқушы білім алып жатыр. Соның 700-ден көбі – жеке, онда 250 мың бала оқып жүр. Орта білім ұйымдарын жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілгелі кәсіпкерлер оқу ошақтарын көптеп ашуға бет бұрған. Бірақ былтыр олар мемлекеттен берілуге тиіс субсидия қаражатын уақытылы ала алмай біраз қиналған-ды. Биыл тағы осы мәселе тағы ушықты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 23 Қыркүйек, 2025
Мұғалімдер жаңа бағдарлама бойынша оқудан өтті
Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен білім беру саласының қызметкерлері жасанды интеллектіні қолдану бойынша оқытудан өтті. Оқыту «Білім берудегі аймақтық көшбасшылық: инновациялар және әрекеттегі жасанды интеллект» кәсіби даму бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Қыркүйек, 2025
Барлық мектепке ортақ бағдарлама
Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының мазмұны жаңартылып, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 22 Қыркүйек, 2025
Колледждерде сұранысқа ие мамандықтарға грант саны артты
Елімізде техникалық мамандар тапшы. Осы мәселені шешу мақсатында техникалық және инженерлік мамандықтарға көбірек гранттар қарастырылған. Бұл ретте жоғары оқу орындарына қоса колледждерге айрықша басымдық беріліп келеді. 2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануының да себебі – сонда, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 22 Қыркүйек, 2025
Ғалымдар жүрек ауруының алдын алатын платформа жасады
Отандық зерттеушілер жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алуға арналған платформа жасап шығарды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары әзірлеген «Zhurek AI» платформасы дерттің қауіптілігін ерте анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 22 Қыркүйек, 2025
Отандық ғалымдар «ақылды агроном» ойлап тапты
Бұл еліміздегі агроөнеркәсіптік кешеннің болашағын өзгертетін, жер мен егістіктердің жағдайын талдау үшін дрондардан алынған деректерді жасанды интеллект алгоритмдерімен біріктіретін цифрлық жүйенің жобасы ретінде қолға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 05 Қыркүйек, 2025
Ғылымды қаржыландыру деңгейі неге төмен?
Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, 2024–2026 жылдарға ғылыми жобалар мен зерттеулерді қаржылай қолдау үшін бюджеттен 703,6 млрд теңге бөлінген. Оқырманға мұндай сома көлемді көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, Қазақстан дүниежүзілік дереккөздерде ғылымды қаржыландырудан соңғы орындарға жайғасқан. Себебін сараптап көрелік.
Білім • 04 Қыркүйек, 2025
Биыл еліміздің түкпір-түкпіріндегі 8 мыңнан астам білім ұясы 4 миллион оқушыға өз есігін айқара ашты. Жаңа оқу жылына 83 оқу ошағы пайдалануға берілді, соның 57-сі «Келешек мектептері» ұлттық жоба аясында салынған. Биыл бірінші сыныпқа 360 мыңнан көп бала барды, олардың 72 пайызы қазақша оқуды таңдады.