Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
859 материал табылды

Білім • 31 Желтоқсан, 2024

Білім саласы: балабақшадан колледжге дейін

Биыл мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық, қосымша, инклюзивті оқыту жүйесінде нақты нендей нәтижеге қол жетті? Қай мәселе күн тәртібіне шығып, дәл қайсысы шешілді? Сандар «сөйлегенде» сапамен үйлесім тапты ма? Оқу-ағарту министрлігі ұсынған деректерге сүйеніп, шолу жасап көрген едік.

Мектеп • 20 Желтоқсан, 2024

Шалғайдағы мектептер қалай жаңарады?

Елімізде 8 мыңға тарта оқу ошағы бар. Соның 70 пайызға жуығы, анығы 5 247-сі – ауыл мектебі. Осы айдың басында өткен Үкімет отырысында айтылғандай, бүгінде үш ауысымда оқытатын мектептердің 57%-ы және апатты жағдайдағы мектептердің 76%-ы ауылда орналасқан. Осыдан да болар, ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығы әлі де үлкен. Үкімет бұл мәселені қалай шешпек?

Ғылым • 19 Желтоқсан, 2024

Жас ізденушілерге жасалған қамқорлық

Соңғы уақытта отандық ғылымды дамыту, осы салаға кейінгі толқынның келуін қолдауда серпін байқалады. Соның бір үлгісін жақында зерттеушілердің тұрғын үй иеленгенінен көрдік. Елімізде еңбек ететін 10 жас ғалым пәтер сертификатын алды.

Ғылым • 11 Желтоқсан, 2024

Жаңа заң қалай жұмыс істеп жатыр?

Биыл 1 шілдеде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданды. Бұл құжатты ғылыми қауымдастық көптен күтті, талқылауларына да белсене қатысты, қазір қолданыстағы құжатта олардың ойы, көзқарасы көрініс таба алды ма? Жалпы, заң отандық ғылымның дамуына, ғалымдарымыздың жұмысын жетілдіруге қажетті деңгейде, жеткілікті жағдайда ықпал етіп отыр ма? Тиімді тұстары қандай, әлде әлі де кемшін тұстары бар ма, толықтырулар кезінде нақты нені кезек­ күттірмей енгізген жөн? Сан сауалға жауап іздеп көрдік.

Ғылым • 10 Желтоқсан, 2024

Ғылымға негізделген экономика

Осындай тақырыппен Астанада ғылыми форум өтті. Жас ғалымдар альянсы (YRA – Young Researchers Alliance) Назарбаев университетінің қолдауымен биыл 4-рет ұйымдастырып жат­­қан ауқымды жиынға жалпы саны 500-ге жуық Қазақстан мен шетелден келген жас ға­лым­­, билік, ғылым мен бизнес өкілі қатысты. Олардың қатарында Сенат спикері Мәу­лен Әшім­баев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Парламент депу­тат­тары бар.

Құқық • 06 Желтоқсан, 2024

Бала құқын қорғау – басты мәселе

Елімізде инклюзивті және арнайы білім ұйымдарының саны 21-ге көбейді. Кейінгі 10 жылда кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған құқық бұзу­­­шы­лықтар саны 3 есе азайған. Алайда балаларға қарсы қылмыс саны артып барады. 100 мыңнан аса ата-ана жауапқа тартылды. Бірінші кезек­те ана денсаулығын қорғауға бағытталған. 3 жасқа дейінгі балалар оңалту орталығында көмек алуға құқылы. Осы және өзге де өзекті мәсе­лелер жөнінде Орталық коммуникациялар алаңында өткен дөңгелек үстелде айтылды.

Ғылым • 04 Желтоқсан, 2024

Отандық медицинаны ілгерілеткен ғылыми жаңалықтар

Кез келген мемлекетке аза­маттардың өмірі басты орын­да тұрады. Сол себепті де қай елде болсын денсаулық сақ­тау жүйесі үлкен маңызға ие. Ал қандай да бір сала зерде­леп, зерттеусіз дамымайды. Өйт­кені барлық жаңалық пен ашы­лудың бастау бұлағы – ғы­лым. Осы орайда біз соңғы уақыт­та ғалымдарымыз қол жеткіз­ген отандық медицинаны ілгері­летер ғылыми жетістіктерге тоқталғанды жөн көрдік.

Білім • 03 Желтоқсан, 2024

Ауыл өрендері грант иеленді

Ауыл балалары олимпиадасы аяқталды. Елордада елді мекендерде орна­лас­қан мектептердің оқушылары арасында жаратылыстану-мате­ма­тика бағытындағы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анық­тал­ды. Қорытындылау жиынына Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, педа­гогтер, білім бәйгесінің жүлдегерлері мен ата-аналар қатысты.

Білім • 30 Қараша, 2024

Магистратураға құжат қабылдайды

Биыл жазда магистратураға тест тапсырған 10 мыңға жуық адамның 32%-ы ғана шекті балл жинады. Демек тестіленушілердің 70 пайызға жуығы оқуға түсе алмаған. Сол талапкерлерге және уақытында құжат тапсырып үлгере алмаған үміткерлерге тағы бір мүмкіндік туып тұр.

Білім • 29 Қараша, 2024

Тәжірибенің ұтымды тұсы көп

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Министр техникалық және кәсіби білім саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибелермен танысып, қытайлық әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді. Осы арқылы Қазақстан мен Қытай техникалық және кәсіби білім саласында ынтымақтастық артпақ.