
Білім • 20 Қыркүйек, 2024
Оқу бағдарламалары заман талабына қарай жаңартылып отыруға тиіс. Бұл қандай талап болуы мүмкін? Білім сарапшылары, сыншылары, баласының біліміне бейжай қарамайтын ата-аналар оқушылар мен студенттердің өмірлік қарапайым дағдыларды меңгеруі керек екенін, соған сай оқу бағдарламасы қайта қаралуы қажеттігін арагідік айтып жүр. Міне, осы ой ескерілді ме, биылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымына «қауіпсіздік сабағы» деп аталатын жаңа пән енгізілді.
Үкімет • 20 Қыркүйек, 2024
Технологиялық тұрақтылық талқыланды
Қазақстан мен Ресейдің жоғары білім саласындағы ынтымақтастығы талқыланды. Аталған талқылау Ресей Федерациясының Түмен қаласында өткен TNF–2024 өнеркәсіп және энергетика форумы аясында ұйымдастырылған. Жиынға Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов қатысты.
Білім • 19 Қыркүйек, 2024
Отандық колледж студенттері «WorldSkills-2024» жұмысшы мамандықтарының әлемдік чемпионатында 7 медальон жеңіп алды. Француз қаласы Лионда өткен «WorldSkills Lyon-2024» 47-халықаралық кәсіби шеберлік сайысына 69 елден 1500-ге жуық колледж студенті қатысты. Былтыр Қазақстан құрамасы Гданьск қаласында өткен «EuroSkills» чемпионатында 2 медаль және 4 медальон жеңіп алған еді. Биылғы ірі жарыста нәтиже айтарлықтай жақсарған.
Білім • 17 Қыркүйек, 2024
Даудың басы – конкурс құжаттамасы
Күз түсіп, жаңа оқу жылмен бірге ғалымдар арасында да қызу тірлік қайнайды. Бұл – гранттық қаржыландыру конкурсына құжат тапсыру ісі. Олардың жанталасын түсінуге де болады, себебі жоғары жалақы алмайтын жанға грант қаржысы зерттеуін алаңсыз жүргізуіне, негізгі жұмысын атқара жүріп, қосымша ақы алуына мүмкіндік береді. Жақында жарияланған конкурс құжаттамасы осыған даярлықты қалт жібермейін деп күтіп жүрген жұрттың қарсылығын оятты.
Ғылым • 13 Қыркүйек, 2024
Жас ғалым: мүмкіндіктер межесі
Елімізде ғалымдардың жалпы саны 22 мыңнан асады. Ғылыми дәрежесі бар қызметкерлердің орташа жасы – 57. Зерттеушілердің 15 пайызы – зейнет жасындағылар. Бұл ресми көрсеткіштер әлі де біраз мәселенің бар екенінен хабар береді, соның ішінде кезек күттірмейтіні – ғылымға жастарды тарту. Себебі отандық ғылымның «қартайып» кеткені қай жағынан да тиімсіз. «Соңғы кезде жас ғалымдарды қолдау артып келеді» деген мазмұндағы ойды зерттеушілер де, үкімет мүшелері де жиі айтады. Біз осы туралы әңгімелеп, насихаты кемшін ғылым саласының жүгін жеңілдеткенді жөн көрдік.
Пікір • 13 Қыркүйек, 2024
Ғылыми жиын өтетін жерге жеттік. Грант алған ғалымдардың зерттеу жобалары таныстырылып жатыр. Өте жақсы жұмыстар бар екен. Соның ішінде жалпы сомасы 750 млн теңге тұратын жобаның жетекшісі әрі авторымен әңгімелескіміз келіп, ниетімізді ұйымдастырушы тарапқа білдірдік. Баспасөз қызметкері жүгіріп жүріп, спикерді сұхбат беруге ыңғайлы тұсқа жетектеп әкелді.
Білім • 12 Қыркүйек, 2024
Колледждер жанынан кәсіпорын құрылады
Елімізде колледждер базасында шағын кәсіпорындар құрылып жатыр. Аталған кәсіпорындар студенттердің кәсіпкерлік, бизнес-жоспарлау және стартап жобаларды дамыту бойынша білім алуына жағдай жасау мақсатында ашылмақ.
Ғылым • 11 Қыркүйек, 2024
Ғалымдар болашақ энергиясын талқылады
Отандық ғалымдар жер-жерде атом энергетикасы мәселелерін талқылап жүр. Қоғамда да, заң шығарушы және атқарушы билік өкілдері арасында да атом электр стансасын (АЭС) салу мәселесінде атом энергетикасы саласының сарапшылары, ғалымдары мен мамандарының пікірлері маңызды екені жиі айтылады. Осыған орай өзекті тақырыптағы талқылаулардың бір парасына тоқталуды жөн көрдік.
Білім • 05 Қыркүйек, 2024
«Жайлы мектептерге» директорлар тағайындалды
Жаңа оқу жылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған алғашқы оқу ошақтары ашылған еді. Енді осы мектептерге «Білім берудегі өзгерістердің мың көшбасшысы» бағдарламасына қатысқан 20 білікті маман директор болып тағайындалды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Білім • 03 Қыркүйек, 2024
Білім күні мерекесіне орай еліміздегі алғашқы «Жайлы мектептер» ашылды. 1 қыркүйекте пайдалануға берілген сондай оқу ошағының салтанатты ашылуына Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, вице-премьер Тамара Дүйсенова бастаған Үкімет мүшелері, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.