
Ғылым • 02 Тамыз, 2025
«Egemen Qazaqstan» газеті отандық ғылымның дамуы жолында жасалып жатқан қадамдарға, ғалымдарымыздың әр жетістігіне, әрбір өнертабысы мен зерделеу жұмыстарына ақпараттық қолдау көрсетіп келеді. Осы дәстүрімізді жалғастырып, зерттеушілердің кейінгі ізденістерінің нәтижесі туралы кезекті шолуды ұсынып отырмыз.
Білім • 01 Тамыз, 2025
«Қазақстан халқынан» – 500 грант
Қазір – грант конкурсына құжат қабылдау уақыты аяқталып, үміткерлер тақымын қысып жүрген шақ. Көп күттірген тізім 10 тамызға дейін шығып қалуға тиіс. Сол тегін оқуға жолдама ала алмаған жағдайда кейбір талапкерлерге тағы бір мүмкіндік туып тұр.
Ғылым • 26 Шілде, 2025
Отандық ғылымның беделін биіктеткен басқосу
Әлемдегі жаратылыстану, математика, физика ғылымдарының өкілдері үшін зор маңызға ие «ISAAC-2025» конгресі мәресіне жетті. Екі жылда бір рет болатын, талай мықтының баяндамасы тыңдалатын іргелі іс-шара биыл алғаш рет Орта Азияда, соның ішінде Қазақстанда ұйымдастырылды. Бұл – біздің елімізге, төл ғылымымыз бен жоғары білім саласына үлкен мәртебе, сонымен қатар мамандарға халықаралық тәжірибе алмасуға таптырмас алаң. Өйткені мұнда талқыланатын тақырыптар тек теориялық емес, қаржы математикасы, жасанды интеллект, биология, нейрондық желілер сияқты 20-дан аса түрлі ғылыми бағытты қамтиды.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 24 Шілде, 2025
Болашақ жұмысшы мамандарының басқосуы
Жұмысшы мамандықтары жылының жартыжылдық жұмысы қорытындыланды. Осыған орай Щучинск қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған республикалық слет өтті. Ауқымды іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және басқа да ресми тұлғалар, колледждердің қызметкерлері мен 100-ден аса білім алушы қатысты.
Білім • 18 Шілде, 2025
Елімізде міндетті білім сатысына жатпаса да қоғамда үлкен маңызға ие сала бар, бұл – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Мұның мәні де сол – баланы ерте дамытуда, мектепте әке-шешесінің я басқа да ересек адамның көмегінсіз оқи алатын жағдайға жеткізуінде, ата-анасының табыс табумен айналысуына мүмкіндік туатынында болып тұр. Соның себебінен де шығар, бірнеше жылдан бері республика бойынша балаларды, соның ішінде 2-6 жастағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту күн тәртібінен түспей келеді. Орын тапшылығы кезінде жемқорлықтың қатар жүретіні тағы бар. Жақында Үкімет осы екі түйткілдің түйінін тарқату мақсатында қолға алған жүйе бірқатар өңірде емес, барлық ел көлемінде енгізілетінін хабарлады. Бұдан не ұтамыз, жаңа жүйенің берері қайсы, тиімділігі қандай, кемшілігі неде, үңіліп көрелік.
Жасанды интеллект • 17 Шілде, 2025
Жаңа бағдарлама қандай нәтиже көрсетті?
Еліміздің жоғары оқу орындарында білім беру процесін оңтайландыру және цифрландыру мақсатында «AI-Sana» инновациялық жасанды интеллект бағдарламасы сәтті енгізілгені белгілі. Аз уақыттағы нәтиже қандай?
Ғылым • 17 Шілде, 2025
«QAIST» ғылыми-білім беру жобасы әзірленіп жатыр
Жоғары білім мен ғылым саласында жаңа технологияларды енгізу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның бірі – Азиядағы жетекші ғылыми-технологиялық жоғары оқу орындарының бірі саналатын Кореяның ғылым және технологиялар институтының үлгісі ретінде жасалып жатқан «QAIST» жобасы, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 17 Шілде, 2025
ҚазТест балдарын ҰБТ-да пайдалануға болады
ҚазТест балдарын ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) балдарына ауыстыруға мүмкіндік бар. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 17 Шілде, 2025
Италияның жетекші жоғары оқу орнының филиалы ашылды
Талдықорғанда орналасқан І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында Италияның Марке политехникалық университетінің (Marche Polytechnic University) филиалы ашылды. Бұл маңызды бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 16 Шілде, 2025
Өткен аптада негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) тәмамдалды. Қорытынды қалай? Негізгі тестілеудің маңызы сол, талапкерлер осының нәтижесімен грант конкурсында бақ сынай алады. Ал байқау қашан?