Бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 60,3%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 57 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 131 балл.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 156 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.
Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады.
Еске сала кетейік, Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұнын өзгерту жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова мәлімдеген.